“Хабар” – Журналистер кубогының иегері

0
560
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Футболдан Журналистер кубогының финалы өтті. Негізгі уақыт тең аяқталып, пенальти сериясында “Хабардың” бағы жанды.

Айта кетейік, Журналистер кубогының биылғы форматы ерекше. Алаңдағы ойыншылар саны шағын футболдағыдай 6*6 емес, үлкен футболға жақындатылған, яғни – 9*9. Сондай-ақ, матч уақыты 20 минуттан екі тайм емес, 30 минуттық екі тайм. Тағы бір қызығы, биылғы Кубок Double elimination жүйесі бойынша өтті. Яғни, финалға дейін жеңілген командада жарысты жалғастыруға тағы бір мүмкіндігі болды.

“Еуразия бірінші арнасы” дәл осы ереженің арқасында финалға дейін жетті. Екінші айналымда “Қазмедиадан” жеңіліп қалып, жарысты төменгі айқас арқылы жалғастырған. Нәтижесінде финалға дейін барлығы 7 ойын өткізді. Өз кезегінде “Хабар” мүлдем сүрінген жоқ.

️Ал финал расымен де тартысты өтті. Матчты “хабарлықтар” қарқынды бастағанымен уақыт өте келе “еуразиялықтар” да өтімді шабуылдар ұйымдастырып, қарсыластарын тығырыққа тірей берді. Дегенмен, есепті “Хабар” ашты. Қолғанат Салиннің қолмен қойып бергендей еткендей добын Талант Айымбетов ашық қақпаға сүңгіте салды. Бірақ қуаныштары көпке созылған жоқ. Келесі шабуылда-ақ Дархан Шумаев дара шығып, таразы басын теңестіріп кетті.

️Бұдан кейін де “Еуразия” бірінші арнасында гол соғатын 100 пайыздық мүмкіндіктер болғанымен бірінші таймда Олжас Жанасбаевтың жолы болмаса, үзілістен кейін Ғалым Қалмен қақпашымен жеке-дара қалып, допты тура Қабылшаға теуіп, қара басты.

️Нәтижесінде, ойын пенальти сериясына дейін жетті. Ал лотерея деп айдар таққан бұл бәсекеде “Хабардың” жолы болып, Айбек Қабылша қайтарған үш пенальтидің арқасында Агенттік командасы жеңіске жетті.

️Осылайша, БАҚ лига тарихында Журналистер кубогын үшінші рет жеңіп алған “Хабар” командасы Ауыспалы кубокты өздерінде мәңгілікке қалдырды.

🏆”Хабар” – 3 дүркін
🏆”Qazaq radiolary” – 1
🏆ДИиК МО РК – 1
🏆Qazaqstan-Qazsport – 1
🏆Қазмедиа – 1

BAQ liga – бір отбасы

🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – BM STROY құрылыс компаниясы @bm.stroy

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here