Шағын футболдан BAQ LIGA XI маусымы мәресіне жетті.

0
447
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

️”Хабар 24″ телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналған маусым екі айға созылып, үздіктер мен жүлдегерлер соңғы турда анықталды.

️BAQ liga бәсекесінің құдіреті сол, соңғы турға дейін кімнің чемпион, кімнің жүлдегер болатынын білмейсің. Жаратқанның жасап қойғаны ғой, соңғы турда басты бәсекелестер өзара кездесіп, жеңімпазды анықтап жатады. Бұл жолы да солай болды.

️БАҚ лиганы бұған дейін жеті рет жеңген “Хабар” мен былтырғы чемпион “Қазмедиа” кездесті. Бірі турнир кестесінде екінші орында, бірі көш бастап тұрған ұжым. “Хабарға” бас жүлдеге қол жеткізу үшін тек жеңіс қажет болатын. “Қазмедиаға” тең есеп те жеткілікті еді. Алайда, жауынды алаңда “хабарлықтардың” қарқыны мықты болды. Ә дегеннен-ақ алға атой салған олар Шыңғыс Ерғалиев пен Қолғанат Салин соққан жылдам голдардың арқасында бірінші таймды 2:0 есебімен аяқтады. Екінші таймның басында Бақытжан Масақов таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. Одан кейін Ділшад Сырлыбаев есепті қысқартқандай болып еді, алайда соңғы минутта Елдос Өмірхан ашық қалған қақпаға “Хабардың” төртінші голын тоғыта салды. Қорытынды есеп – 4:1, “Хабар” командасы чемпион атанып қана қоймай, ауыспалы Кубокты біржола өздеріне қалдырды.

️Сонымен қатар, 3-орын иегері де соңғы турда анықталып, “Metaratings.kz” командасы қола жүлдеге қол жеткізді.

️Бұдан бөлек, команда капитандарының дауыс берулері нәтижесінде маусымның үздіктері де марапатталды. Ал Қазақстан футбол федерациясы бекіткен Fair play арнайы кубогы маусымның ең тәртіпті командасы “Хабар 24”-ке бұйырды.

✅️BAQ LIGA чемпионат
1️⃣-орын: Хабар Агенттігі
2️⃣-орын: Қазмедиа орталығы
3️⃣-орын: Metaratings.kz сайты

🏆BAQ LIGA кубогы
1️⃣-орын: Хабар Агенттігі
2️⃣-орын: Еуразия бірінші арнасы
3️⃣-орын: Қазмедиа орталығы

💠Fair play кубогы – Хабар 24 телеарнасы

🔝Үздік ойыншы – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)
🔝Үздік шабуылшы – Айбек ЖАБЫҚБАЕВ (Еуразия бірінші арнасы)
🔝Үздік қорғаушы – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар)
🔝Үздік қақпашы – Сейіл ҚОЖАТАЙ (Metaratings.kz)
🔝Амангелді Сейітхан атындағы “Құрмет” номинациясы – Аят ДҮЙСЕМБАЕВ (Жеңіс Dream-Team)

BAQ liga – бір отбасы

🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – BM STROY құрылыс компаниясы @bm.stroy

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here