BAQ liga футбол. Журналистер кубогының финалистері анық

0
435
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер кубогының финалистері анықталды. Бас жүлдеге “Хабар” мен “Еуразия бірінші арнасы” таласады.

️Үлкен футбол мен шағын футболдың айырмашылығы жер мен көктей. Шағын қораптың шаңын шығаратындар үлкен футболдың да ұршықша иіреді деген сөз емес. Мәселен, “Қазмедиа”. Чемпионатта әлі ұпайдан шашау шығарған жоқ. Тіпті, БАҚ лигада қаңтардан бері жеңілмеген команда. Алайда, үлкен футболдағы айбаты ақырған кәрі арыстаннан ары аспайды.

️Сенбі күні Жоғарғы айқаста кіші финалды өткізген олар “Хабардан” оңбай жеңілді. Қарсыластарының алты голына бір-ақ тура соққымен жауап бере алды. Оның үстіне, “Қазмедианың” үлкен футболға адам жинауы қиын. Шағын футболда фаворит шығар, дегенмен үлкен футболда “Еуразия бірінші арнасынан” да жеңіліп, үшінші орынды қанағат қылды. Оның өзі драмаға толы ойын болды. “Еуразиялықтар” 0:3 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіріп қана қоймай, пенальти сериясында жеңісті жұлып алды.

️Енді финалда “Хабармен” кездеседі. Екеуінің де үлкен футболдағы ойыны көз сүйсінтеді. Екеуі де тактикалық ойынға арқа сүйейді. Сондықтан, сенбі күнгі финалда “Хабар” да, “Еуразия бірінші арнасы” да көрерменге ұмытылмас кеш сыйлауы тиіс.

️Әлбетте, матч алдында көпшілігі “Хабарды” фаворит санайтыны анық. Сырт көзге солай көрінуі де мүмкін. Дегенмен, мінезділігі мен жігерлігінің арқасында “Metaratings.kz” пен “Қазмедианы” қапы қалдырған “еуразиялықтарды” да андердог демес едік. Финалдан бәрін де күтуге болады. Сондықтан, нақты фаворит жоқ. Ал сіз қалай ойлайсыз?

♾️BAQ liga – бір отбасы

🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – Beles құрылыс компаниясы @beles.holding

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here