BAQ liga футбол. Журналистер кубогында үш-ақ команда қалды.

0
390
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

️”Қазмедиа”, “Хабар” және “Еуразия бірінші арнасы” – міне, биыл Журналистер кубогының бас жүлдесіне осы үш команда таласады.

Журналистер кубогы биыл Double elimination жүйесі бойынша өтуде. Яғни, жеңілген команда “Астыңғы айқас” арқылы финалға шығуға тағы бір мүмкіндік алады. Бұл жолы командалар жартылай финал кезеңін өткерді.

️Үстіңгі айқастың жартылай финалында “Қазмедиа” аса тартысты өткен ойында “Metaratings.kz” жігіттерін тізе бүктірді. Ал “Хабар” еш қиындықсыз “Aqparat&Qogam” қақпасына жауапсыз алты гол соқты.

️Енді кіші финалда “Қазмедиа” мен “Хабар” кездесіп, негізгі финалға жолдама алатын команданы анықтайды. Жеңілген команда астыңғы айқастың финалисі – “Еуразия бірінші арнасымен” кездесіп, бас жүлдеге таласуға тағы бір мүмкіндік алады.

️Өз кезегінде “Еуразия бірінші арнасы” төменгі айқаста алдымен “Экспресс-К” командасын 8:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін “Aqparat&Qogam” ұжымын да ұтты. Ал төменгі айқастың бірінші финалында пенальти сериясы бойынша “Metaratings.kz” жігіттерінен айлаларын асырды.

️Сонымен, Журналистер кубогында үш ойын қалды. Осы сенбіде алдымен “Қазмедиа” мен “Хабар” кезедеседі. Жеңілгені жексенбіде “Еуразия бірінші арнасымен” жолығып, бас жүлдеге таласатын екінші команданы қайта анықтайды. Ал финал 10 қыркүйекке жоспарланған.

♾️BAQ liga – бір отбасы

🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – Beles құрылыс компаниясы @beles.holding

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here