BAQ liga футбол. Чемпиондыққа “Қазмедиа” мен “Хабар” таласады

0
412
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

BAQ liga ХІ маусымының 9-туры артта қалды. Алайда, қай команданың чемпион болары әлі белгісіз. Ал үшінші орынға үміттілер саны үшеуден де көп.

️Кесте бойынша “Қазмедиа” мен “Хабар” соңғы турда кездеседі. Оған дейін әлі төрт тур бар. Әзірге екі командада жеңіліссіз турнир кестесінде үзеңгі қағыстырып қатар келеді. Кеше “Қазмедиа” еш қиындықсыз “Жеңіс Dream-Team” командасын 7:2 есебімен тізе бүктірді. Ал “Хабар” Агенттіктің дербиінде “Хабар 24” командасынан 1:0 есебімен басым түсті. Егер Марат Тукатовтың автоголы болмағанда, онда матчтың тең аяқталуы да мүмкін еді.

️Енді қола жүлденің кандидаттары туралы. “Qazaq radiolary”, “Metaratings.kz” МИОР РК, “Еуразия бірінші арнасы”, “Хабар 24” және “Nur-Sultan city” – барлығы да үшінші орыннан үміткер. Ал “Qazaq radiolary” мен “Metaratings.kz” маусым басында, тіпті чемпиондықтан үміттілердің қатарында болатын. Алайда, біріншілік барысындағы сәтсіздіктер оларды әу бастағы мақсаттарымен қоштасуға мәжбүр етті. Айтпақшы, аталмыш командалар кеше өзара кездесті. Матч алдында “Мета” жігіттері фаворит саналған. Оған себеп те бар. Өйткені, “радиолықтар” соңғы кездері даңғыл жолынан аздап жаңылысқандай. Оның үстіне, ойыншыларының біразы демалысқа шығып кетті. Бірақ, бұл жолы барын салды. Қорықпай шабуылдап, 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды.

Трансфер кезінде әжептеуір күшейіп алған МИОР РК да қолаға қол созым жерде тұр. Қатарынан төрт ойында жеңіске жеткен олар дәл қазір үздік бестікте. Тіпті, “Еуразия бірінші арнасының” өзін артта қалдырды. Бірақ бір жағынан “еуразиялықтардың” өздері де кінәлі. Болмашы жерден ұпай жоғалтып жүр. Сегізінші турда “Nur-Sultan city” командасынан жеңіліп қалса, кеше “Kazaknews.kz” жігіттеріен ұпай бөлісті. Ал ұлттық арна қызметкерлерінен құралған “Nur-Sultan city” қатарынан екі ойында жеңіске жетіп, турнир кестесінде 8-орынға көтерілді.

Айтпақшы, “Astana TV” да жарап тұр. Кеше олар БАҚ лиганың тағы бір дебютанты – “Aqparat&Qogam” командасын оңай жеңді.

️Иә, бір қарағанда маусымның көмбесі көрініп қалған сияқты. Алайда, чемпионат аяқталғанша бізді әлі талай қызық күтеді. Ол анық.

BAQ liga – бір отбасы

🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – BM STROY құрылыс компаниясы @bm.stroy

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here