BAQ liga футбол. Маусымның аяқталуына 5 тур қалды.

0
412
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Әзірге маусым алдындағы басты фавориттер – “Қазмедиа” мен “Хабар” үзеңгі қағыстырып, турнир кестесінде қатар шауып келеді.

Бірнеше ойыншысының дисквалификациясына қарамастан “Қазмедиа” 8-турда “Астана ТВ” жігіттерін еш қиындықсыз 7:3 есебімен жеңді. Ал әр таймда бір-бір голдан соққан “Хабар” ойыншылары “Kazaknews.kz” командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Ал үшінші орынға қайта “Metaratings.kz” көтерілді. “Aqparat&Qogam” командасымен кездескен Руслан Садуллаев шәкірттері қарсыластарының 2 голына үш тура соққымен жауап беріп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Негізі, турнир кестесіндегі 3-орын “Qazaq radiolary” командасыныкі болатын. Алайда МИОР РК жігіттерінен 1:2 есебімен жеңіліп қалған олар 4-орынға түсіп қалды.

Ал соңғы кезде қарқын алған “Еуразия бірінші арнасы” күтпеген жерден Ұлттық арна ұжымына есе жіберіп, кішігірім сенсация жасады. Сондай-ақ, ақырындап, “Экспресс-К” командасы да турнир кестесінде жоғары көтеріліп келеді. Бек Төлеу бастаған жігіттер “Қаламгер” қақпасына екі гол соғып, өздері бір доп жіберіп алды.

BAQ liga – бір отбасы

🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – Beles құрылыс компаниясы @beles.holding

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here