BAQ liga футбол. Алты команда Журналистер кубогындағы жорығын жалғастырды

0
402
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Өткен weekend-те Журналистер кубогының екінші кезең ойындары өтіп, бас кубокқа таласты тоқтатқан алты команда анықталды.

Алдымен айта кетейік, Журналистер кубогының биылғы форматы ерекше. Командалар бас жүлдеге 9*9 жүйесі бойынша таласуда. Сондай-ақ, киберспорттағыдай әр командада финалға дейін бір рет жеңілуге құқығы бар. Екі рет жеңілсең ғана жарысты тоқтатасың.

Сонымен, алғаш болып жарысты тоқтатқан команда – “Qalamger”. Бірінші кезеңде “Еуразия бірінші арнасынан” 0:4 есебімен жеңілген олар екінші кезеңде де қарсылас қақпасына гол соға алған жоқ. МИОР РК жігіттерімен кездесіп, қақпаларына жауапсыз 5 гол жіберіп алды.

Сонымен қатар, “Kazaknews.kz”-те Журналистер кубогын ерте аяқтауға мәжбүр болды. Бірінші кезеңде “Nur-Sultan city” жігіттерінен жеңіліп еді, екінші кезеңде “Жеңіс Dream-Team” командасына пенальти сериясында есе жіберді. Алайда, “Жеңіс” пен “Nur-Sultan city” қаламгерлері де алысқа шаба алған жоқ. “Жеңістіктер” “Экспресс-К” командасынан 1:6 есебімен жеңілді. Ал “Nur-Sultan city” командасының алдымен “Aqparat&Qogam”, одан кейін “Astana TV” ұжымына шамасы жетпеді.

Бұдан бөлек, “Хабар 24” пен “Qazaq radiolary”-ның да жолдары болмады. Ал қалған сегіз ұжым әлі де Журналистер кубогынан дәмелі. Қайсысының үздік боларын маусым соңында білеміз.

BAQ liga – бір отбасы

🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – Beles құрылыс компаниясы @beles.holding

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here