️Шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы БАҚ лиганың ІV турынан кейін жеке-дара көш бастаған команда анықталды. Басты бәсекелестерінің сүрінгенін тиімді пайдаланған Журналистер лигасының былтырғы чемпионы “Қазмедиа турнир кестесінде көш бастады.
️Алдымен “Qazaq radiolary” сүрінді. Ойынға алтау болып әзер жиналған олар БАҚ лига дебютанты “Aqparat&Qogam” командасымен тең түсті. Егер Димаш Алдабергеннің дублі болмағанда 0:2 есебімен жеңіліп қалуы да мүмкін еді. Бір жағынан Министрлік командасындағы Темірлан Темешов екі гол соққанымен өзі де жоқ жерден қызыл қағаз алып, қарсыластарының жағдайын біраз жеңілдетті. Қорытынды есеп – 2:2.
Үш тур бойы ұпай жоғалтпаған “Qalamger” жігіттері “Хабарға” қарсылық көрсете алмады. Ойынды тәп-тәуір бастағанымен қарсыластарының 9 голының бір ғана тура соққымен жауап бере алды.
️Өз кезегінде “Қазмедиа” жігіттері “Экспресс-К” командасымен кездесіп, БАҚ лиганың тағы бір дебютанттарын 9:3 есебімен ойсырата жеңді.
Үздік бестікте – “Metaratings”. Бұл жолы Ербол Каиров бастаған жігіттер “Kazaknews.kz” қақпасына жауапсыз үш гол соқты.
️Ал маусымдағы екінші жеңістеріне қол жеткізген МИОР РК мен “Nur-Sultan City” командалары “Хабар 24” пен “Astana TV” ұжымдарын тізе бүктіріп, ТОП-7 команданың қатарынан көрінді.
Сонымен қатар, маусымды сәтсіз бастаған “Еуразия” бірінші арнасы да ақырындап өз ойындарын таба бастаған секілді. “Жеңіс Dream-Team” командасымен шеберлік байқасқан олар қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді.
️BAQ liga – бір отбасы
🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – BM STROY құрылыс компаниясы @beles.holding