Шағын футболдан БАҚ лиганың алғашқы үш турынан кейін ұпай еншілемеген бір ғана команда қалды. Ал көшбасында үзеңгі қағыстырып, үш үздік қатар келеді.
“Қазмедиа”, “Qazaq radiolary” және “Qalamger” – міне, көш басында әзірге осы үштік. Дегенмен, бұл маусымнан бәрін күтуге болады. Оның үстіне, “осы чемпион болады-ау” дейтіндей нағыз фаворит жоқ. Мынау “әлсіз екен” дейтіндей нақты аутсайдер де жоқ. Қай-қайсысы болмасын, қарсыластарын таңғалдыруға дайын. Бұған “Qalamger” жігіттерінің ойыны дәлел. МИОР РК командасымен ойнаған олар күтпеген жерден 2:1 есебімен жеңіп кетті. “Қазмедиа” мен “Qazaq radiolary” да өз ойындарын жеңіспен аяқтады. Ірі жеңіспен.
Ал үштіктің ізіне түсіп “Хабар” келеді. Маусымға өзгелерден кеш қосылған “жеті дүркіндер” қатарынан екі ойын өткізіп, екеуінде де қарсыластарын оңдырмады. Алдымен “Aqparat&Qogam” жігіттерін 8:0 есебімен жеңсе, екіншісінде “Астана ТВ” қорғанысын қор қылды.
Сондай-ақ, Жандос Манашев қосылып, “Еуразия” бірінші арнасы да алғашқы ұпайын еншіледі. Олар “Metaratings” командасымен тең түсті.
Алғашқы ұпайларын алғандардың қатарында “Жеңіс Dream-Team” де бар. Амангелді Сейітханның ізбасарлары “Экспресс-К” жігіттерімен тең ойнады. Ал “Kazaknews.kz” “Хабар” қабыландарынан таланған “Aqparat&Qogam” ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, қоржындарына үш ұпай салды.
BAQ liga – бір отбасы
🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – BM STROY құрылыс компаниясы @bm.stroy