BAQ liga волейбол. “Atameken business” – жаңа чемпион

0
430
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы БАҚ лига чемпионатының үшінші маусымы мәресіне жетті. 12 команда қатысып, екі айға созылған біріншіліктің бүгін үздіктері мен жүлдегерлері анықталды.

Айта кетейік, маусым «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қолдауымен Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналды. Ал БАҚ лиганың басты серіктесі – Қазақстан спортты қолдау қоры – Sport qory.

Финалда «Atameken business» телеарнасы мен «7 арна» телеарнасы кездесті. Екеуі де бір-біріне лайық мықты қарсыластар.

«Атамекендіктер» ә дегеннен-ақ 9:0 есебімен алға ұзағанымен «7 арна» жетіп қана қойған жоқ, бірінші партияны еншілеріне жазды. Екінші партия да тартысты өтіп, екі-ақ ұпай айырмашылығымен «Atameken business» телеарнасы партияны жеңіспен аяқтады да, таразы басын теңестірді. Үшінші партия да сондай қарқынмен өтіп, кім мықты соңғы сәтте ғана белгілі болды. Ал төртінші партияда «атамекендіктер» психологиялық тұрғыда қарсыластарын қағып түсірді. Жалпы есеп – 3:1 (23:25, 25:23, 25:23, 25:17), «Atameken business» командасы БАҚ лига үшінші маусымының чемпионы.

Финалдан кейін бірден марапаттау рәсімі өтіп, үздіктер мен жүлдегерлер марапатталды. Салтанатты рәсімге Ұлттық олимпиадалық комитетінің спорттық директоры Елсияр Қанағатов, ҚР мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының орынбасары Ержан Байтілес, «Atameken business» телеарнасының бас директоры Қанат Сахария, «Айқын-Литер» газеттерінің бас директоры Ысқақ Егембердиев, «Qazcontent» АҚ төрағасының орынбасары Дархан Уәлиханұлы, QAZSPORT телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков және «7 арна» бас директоры Әния Байоразова қатысты.

1 орын: «Atameken business» телеарнасы
2 орын: «7 арна» телеарнасы
3 орын: «Қазмедиа» орталығы

Ерлер арасындағы үздік ойыншы: Ермахан ҚАРЕКЕНОВ («Atameken business» телеарнасы)
Қыздар арасындағы үздік ойыншы: Әсел ӘБІЛБЕКОВА (Qazaq radiolary)
Құрмет номинациясы (+40 үздік ойыншы): Ренат АХМЕТОВ (7 арна)
Үздік шабуылдаушы: Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Қазмедиа орталығы)
Үздік тосқауыл қоюшы: Мадияр ЕРСАЙЫН
Үздік пас шығарушы: Алтынай ТУКЕНИНА (7 арна)
Үздік төреші: Еламан АКУНОВ

BAQ LIGA – БІР ОТБАСЫ

Волейболдан BAQ liga ІІІ маусымы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады.
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Қазақстан” РТРК @qazaqstantv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры.
⭕BAQ liga серіктесі – BM Stroy құрылыс компаниясы @bm.stroy
⭕BAQ liga серіктесі – ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті @olympickz
⭕Маусымның ақпараттық қолдаушысы – QAZSPORT телеарнасы @qazsport_official

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here