BAQ liga футбол. Сүрінбеген төртеу қалды

0
142
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы Журналистер лигасы биыл өте тартысты басталды. Әлбетте, бірінші турдан кейін 14 команданың тең жартысы үш ұпайдан еншілеген еді. Екінші турдан кейін сүрінбегендердің саны төртеуге дейін қысқарды.

Өткен маусымның чемпионы «Қазмедиа» биыл да басты фаворит. Бірақ «Kazaknews.kz» командасына қарсы ойын оларға оңай соқпады. Соңғы минуттарға дейін таблода 2:2 есебі сақталып тұрды. Алайда Құмарбек Азат факторының арқасында чемпиондар жеңісті жұлып алып, турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік алды.

«Қаламгердің” де қарқыны жақсы. «Жеңіс Dream-team» ұжымымен кездескен олар 3:1 есебімен жеңіске жетіп, қоржындарына тағы үш ұпай салды. Дегенмен, олардың сыналар сәті әлі алда. Қатарынан екі жеңіске қарамастан көпшілік бұл команданы фавориттер қатарына қоспайды.

Ал жүлдеге таласатындардың бірі – «Qazaq radiolary». Екінші ойын қатарынан камбэк жасаған олар бұл жолы бірінші таймда жеңіліп жатып, үзілістен кейін екі гол соғып кетті де, матч барысын 180 градусқа бұрып жіберді. Өз кезегінде, әу баста ешкім қаперіне ілмеген «Экспресс-К» өздерін ұпайды оңайлықпен бере салмайтын мықты ұжым екендіктерін дәлелдеді.

Ұпай жоғалтпаған төртінші команда – «Aqparat&Qogam» ұжымы. Маусымға өзгелерден кеш қосылған дебютанттар алғашқы турда ұлттық арнаның «Nur-Sultan city» командасымен кездесіп, күтпеген жерден 3:1 есебімен жеңе алды. Дегенмен, келесі турда-ақ «Хабармен» кездесуі тиіс екендіктерін ескерсек, «Aqparat&Qogam» жігіттерінің жігерін байқап көрер кез әлі алда екенін түсінеміз.
Алғашқы жеңісін «Хабар 24» командасы тойлады. Айдос Қыздарбектің тамаша голдарымен есте қалатын бұл кездесуде мерейтой иелері «Astana TV» командасын 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

Сонымен қатар, МИОР РК жігіттері де алғашқы үш ұпайды қанжығаларына басты. «Еуразия» бірінші арнасымен кездескен. Аса тартысты болған ойында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің командасы 3:0 есебімен жеңіп жатқан. «Еуразиялықтар» екінші таймда ғана оянып, екі голмен жауап бере алды. Таразы басын теңестіруге уақыт жетпей қалды.

Ал турдың орталық кездесуіне баланған «Metaratings.kz» пен «Хабар» арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бір жылдық үзілістен кейін БАҚ лигаға оралған «хабарлықтар» қанша шабуылдағанымен қақпашы Сейіл Қожатайдың ерлігі «Metaratings.kz»-ке тең нәтиже сыйлап, бір голдан артық соғу мүмкін болмады.

Әлбетте, маусым енді ғана басталды. Барлық тартыс әлі алда. Чемпионат соңына дейін барлық команда да сүрінуі әбден мүмкін.

BAQ liga – бір отбасы

🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – BM STROY құрылыс компаниясы @bm.stroy

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here