BAQ liga волейбол. ҮШІНШІ МАУСЫМ БАС ЖҮЛДЕСІН «ATAMEKEN BUSINESS» ПЕН «7 АРНА» КОМАНДАЛАРЫ САРАПҚА САЛАДЫ

0
139
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

️Волейболдан Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасындағы БАҚ лига үшінші маусымының финалистері анықталды. 24 шілде күні бас жүлдені «Atameken business» және «7 арна» телеарналары сарапқа салады.

Волейбол чемпионаты шарықтау шегіне жетті. Кеше жартылай финал ойындары өтіп, алғашқы жұпта «7 арна» мен «Қазмедиа» командалары кездесті. Екеуі де мықты ұжым. Топтық кезеңде «қазмедиалықтар» 2:0 есебімен жеңгенімен ол ойын да тартысты болып, екінші партия 30 ұпайға дейін созылған. Бұл жолы да Саят Сабырбаев басын қосқан «Қазмедиа» жігіттері мен қыздары ойынды сәтті бастап, бірінші партияны өз пайдаларына жазды. Алайда екінші партияда «7 арна» командасы қаһарына мінді. Рухының мықты екендігін дәлелдеп, соңғы сәтте жеңісті жұлып алды. Ал үшінші партия психологиялық тұрғыда «қазмедиалықтарға» ауыр болды. Ойыншылары да жиі қателесе берді. Рас, алаңға Саят Сабырбаевтың өзі шығып, балансты қайта орнатқан сияқты еді, алайда сәл кеш қадам жасалғанын өздері кейін түсінді. Бәлкім, Саятқа бірінші минуттан бастап ойынға қосылғанда, бәрі басқаша болар ма еді?.. Бұл енді тарихтың еншісі.

️Екінші жартылай финалда да триллер аз болған жоқ. Бірінші партияны еншілеріне оңай жазғанымен «Atameken business» жігіттеріне екінші партия өте ауыр соқты. Мадияр Ерсайын, Сырым Рахымбеков сынды жігіттердің жігері ойынды теңестіруге мүмкіндік берді. «Qazcontent» агенттігінің де арпалысқа дайын екендігін байқадық. Ал үшінші партияда екі ұжым да «өліспей-беріспейміз» деген ұранмен 15 ұпаймен тоқтауы тиіс ойынды 20 ұпайға дейін созды. Соңғы сәтте допты жерге түсіріп алмаудың ғана амалын ойлаған қос ұжым бір-бірінің қателіктерін аңдып, ақыры соңғы сәтте «бизнес» арнасы ұжымының жолы болып кетті.

️Енді 24 шілдеде маусымның финалдық ойындары күтіп тұр.

BAQ LIGA – БІР ОТБАСЫ

Волейболдан BAQ liga ІІІ маусымы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады.
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Қазақстан” РТРК @qazaqstantv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры.
⭕BAQ liga серіктесі – BM Stroy құрылыс компаниясы @bm.stroy
⭕BAQ liga серіктесі – ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті @olympickz
⭕Маусымның ақпараттық қолдаушысы – QAZSPORT телеарнасы @qazsport_official

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here