Шағын футболдан Қазақстан БАҚ өкілдері арасындағы БАҚ лиганың ХІ маусымы басталды. “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналған биылғы чемпионатқа еліміздің әртүрлі редакцияларынан барлығы 13 команда қатысуда.
БАҚ лиганың биылғы ерекшелігі – командалар әдеттегідей 2 лигаға бөлінген жоқ. 13 команда бір Лиганы құрап, өзара ойындар өткізу арқылы чемпионды анықтайды. Дегенмен, келесі маусымнан бастап қайта бұрынғы форматқа көшеді. Яғни, қайта екі Лига болады. Сондай-ақ, Журналистер кубогы 9*9 форматы бойынша өтеді.
Кеше маусымның алғашқы туры өтті. Өткен маусымның чемпионы – “Қазмедиа” биыл да тақта қалуды көздейді екен. “Еуразия” бірінші арнасын ойсырата жеңді. Сондай-ақ, фавориттер қатарында “Qazaq radiosy” да бар. Бірақ, оларға жеңіс оңайлықпен келген жоқ. “Хабар 24”-тің қарқынды ойынына тап болды. 0:2 есебімен жеңіліп жатты. Алайда, камбэк жасап, матчты 4:3 есебімен аяқтады. Сонымен қатар, “Metaratings” командасының да амбициясы зор. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің командасымен кездескен олар ойынды 2:1 есебімен аяқтады.
Ал дебютанттардан ұлттық арна қызметкерлерінен құралған “Nur-Sultan city”, атын да, затын да біраз ауыстырған “Qalamger” және “Экспресс-К” командалары чемпионатты жеңіспен бастады.
Маусым 11 қыркүйекке дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы футбол маусымы “Хабар” Агенттігінің қолдауымен “Хабар 24” @tvkhabar24 телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналған.
BAQ liga – бір отбасы
🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – BM STROY құрылыс компаниясы @bm.stroy