Волейболдан Қазақстан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga чемпионатында жартылай финалға жолдама алған үздік квартет анықталды.
Кеше ширек финалдың ойындары өтті. Әлбетте, “Atameken business” пен “Aiqyn-Liter” арасындағы кездесуде әу бастан-ақ “бизнесмен журналистердің” фаворит екені айтылып жүрген. Алайда, “айқындықтар” “Егемен Қазақстан” сияқты жеңісті қарсыластарына қолдан бере салған жоқ. Барынша айқасты. Тіпті, бірінші партияда жеңіске жетуге шақ қалды. Егер тәжірибе болғанда, онда 5-6 ұпайлық ара-қашықтықты ұстап қалуға да болар еді.
Ал “Қазмедиаға” қарсылас атануы тиіс болған “егемендіктер” алдын-ала жеңісті бере салды.
Есесіне одан кейінгі екі матч аса тартысты өтті. “Хабар” мен “Qazcontent” арасындағы матчта баяғы “Қазақпараттың” мұрагерлері саналатын “Qazcontent” айбарлы “Хабарды” жүлделі орындардан тыс қалдырды. Сәкен Сейітхан, Жасқанат Аманжолов, Шахмұрат Ешпаев бастаған жігіттер қанша қарсыласқанымен Сырым Рахымбеков пен Мәдияр Ерсайынның соққыларына төтеп бере алған жоқ.
Ал “7 арна” мен “Qazaq radiosy” арасындағы ойын үш партияға созылды және үшеуі де бірінен бірі асқан тартысты болды. Мұнда мықты команда емес, сәттілікті серік еткен команданың жеңіске жетері анық еді. Бұл жолы фортуна “7 арна” жағына өтіп, жартылай финалға жолдама алды.
9-12 орындарға талас жүргізіп жатқан командалардың да өзіндік ләззаты бар. Мұндағы ойындар да романтикаға толы. Әзірге “Еуразия+ОРТ” командасының шоқтығы биік. Дегенмен, “Shalqar radiosy” ұжымын ұтып, маусымдағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізген “Комментатордың” да әлеуетті екендігін байқадық.
Ал маусым 24 шілдеге дейін жалғасады.
BAQ LIGA – БІР ОТБАСЫ
Волейболдан BAQ liga ІІІ маусымы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады.
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Қазақстан” РТРК @qazaqstantv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры.
⭕BAQ liga серіктесі – BM Stroy құрылыс компаниясы @bm.stroy
⭕BAQ liga серіктесі – ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті @olympickz
⭕Маусымның ақпараттық қолдаушысы – QAZSPORT телеарнасы @qazsport_official