BAQ liga-volleyball: Ширек финалға шыққан алты команда анықталды

0
1438
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

“А” тобынан “Atameken business” телеарнасы, “Қазмедиа” орталығы, “7 арна” және “QazContent” агенттігі, “В” тобынан “Qazaq radiosy” мен “Хабар” волейболдан БАҚ лига үшінші маусымының ширек финалына жолдама алып қойды.

🅰️ тобы
🔹️Жексенбі күні Журналистер лигасының 4-тур ойындары өтті. “А” тоьындағы “Atameken business” пен “QazContent” арасындағы тартысты ойында телеарна командасы 2:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

🔹️Алайда, олармен үзеңгі қағыстырып, “Қазмедиа” да қатар келеді. Өз кезегінде “қазмедиалықтар” “Еуразия” бірінші арнасының қарқынын басты. Екінші партияда Бірінші арна командасы ойынын күшейткенімен таразы басын теңестіре алмады.

🔹️Ал “7 арна” жігіттері мен қыздары еш қиындықсыз “Комментаторлар” ұжымын тізе бүктірді.

🅱️ тобы
🔹️”В” тобында “Qazaq radiosy” екі партияның нәтижесінде “Егемен Қазақстанды” 2:0 есебімен оңай жеңді.

🔹️”Хабар” да бірінші партияны тамаша өткізгеніне қарамастан екінші партияда “Shalqar radiosy” қарқын алып, таразы басын теңестіруге шақ қалған. Бірақ, Сәкен Сейітханның соққыларына төтеп бере алмады.

🔹️Ал “Aiqyn-Liter” командасымен кездескен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымы сенсация жасап, БАҚ лига тарихындағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

️ BAQ LIGA – БІР ОТБАСЫ

🔝Волейболдан BAQ liga ІІІ маусымы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады.
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Қазақстан” РТРК @qazaqstantv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры.
⭕BAQ liga серіктесі – BM Stroy құрылыс компаниясы @bm.stroy
⭕BAQ liga серіктесі – ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті @olympickz
⭕Маусымның ақпараттық қолдаушысы – QAZSPORT телеарнасы @qazsport_official

ДЕМЕУШІЛЕР:

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here