🔷️Волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы БАҚ лиганың үшінші туры өтті. Әзірге екі топта да тартыс шиеленісті болып тұр.
🅰️ тобы:
🔹️Кіл мықтылар жиналған “А” тобында әзірге “Qazcontent” командасы көш бастап тұр. “Қазақпараттың” тікелей мұрагері саналатын олар өткен турда “Еуразия” бірінші арнасынан басым түсті де, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.
🔹️Екінші және үшінші орындарды “Atameken business” пен “Қазмедиа” бөлісіп тұр. Екеуінде де 6 ұпайдан. “Қазмедиалықтар” топтың аутсайдері – “Комментаторды” екі партияда да қиындықсыз жеңсе, “Atameken business” командасы турдың орталық кездесуінде “7 арнаға” жол берді. Аса тартысты өткен ойын көз алдыңа ары да, бері шайқалған әткеншекті елестетті. Расымен де, соңына дейін қайсысының жеңіске жетері белгісіз болды. Бірақ, соңында “7 арнаның” қыз-жігіттері жүйкелерінің мықты екендіктерін дәлелдеп, жеңісті ұлып алды.
🅱️ тобы
🔹️В тобында “Qazaq radiosy” мен “Хабар” командалары ұпайдан шашау шығармай, турнир кестесінде көш бастап келеді. Осы жолы да олар қарсыластарын еш қиындықсыз жеңіп, алғашқылары “Aiqyn-Liter” газеттерінің командасынан басым түссе, “хабарлықтар” ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымын ұтты. Ал “Егемен Қазақстан” мен “Shalqar radiosy” арасындағы тартысты ойында әлдеқайда тәжірибелі “егемендіктер” 2:1 есебімен кездесуді өз пайдаларына шешті.
➿️ BAQ LIGA – БІР ОТБАСЫ
🔝Волейболдан BAQ liga ІІІ маусымы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады.
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Қазақстан” РТРК @qazaqstantv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры.
⭕BAQ liga серіктесі – BM Stroy құрылыс компаниясы @bm.stroy
⭕BAQ liga серіктесі – ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті @olympickz
⭕Маусымның ақпараттық қолдаушысы – QAZSPORT телеарнасы @qazsport_official
ДЕМЕУШІЛЕР: