☄️Шағын футболдан Журналистер лигасының ХІ маусымы басталады
☄️Шілденің 9-ы күні елордада шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы Журналистер лигасының ХІ маусымы басталады. Маусым “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады.
☄️BAQ liga – Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын біріктіруге бағытталған жоба. Ол еліміздегі Масс-медиа өкілдері арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттырып, редакция ішіндегі татулықты күшейтеді. Бүгінде BAQ liga брендімен БАҚ өкілдері арасында шағын футбол және волейбол біріншіліктері елордамызда тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Оған әр маусым сайын 70-тен аса БАҚ редакциялары мен 700-ден аса журналистің басын біріктіретін елеулі жобаға айналды.
☄️Естеріңізге сала кетейік, шағын футболдан Журналистер біріншілігінде “Хабар” командасы 7 дүркін чемпион атанған. Бір-бір реттен ДИиК МО РК, “Qazaqstan Qazsport”, “Қазмедиа” командалары бас жүлдеге қол жеткізген.
☄️Сондай-ақ, БАҚ лига чемпионатымен қоса БАҚ лига кубогы сарапқа салынады. Маусым қыркүйек айының ортасына дейін жалғасады.
☄☄️Өтініштерді қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады.
🌀BAQ liga – бір отбасы
🔝Шағын футболдан БАҚ лиганың ХІ маусымы “Хабар 24” телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналады. @tvkhabar24
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Хабар” агенттігі @khabartv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры. @samrukkazyna_official
⭕️ Маусым серіктесі – BM STROY құрылыс компаниясы @bm.stroy
ДЕМЕУШІЛЕР: