🔷️Елордада БАҚ өкілдері арасындағы волейбол чемпионатының ІІ тур ойындары өтті. 2 топқа бөлінген 12 команда плей-офф кезеңіне берілер жолдамаларды сарапқа салуда.
🔹️Айта кетейік, қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған биылғы маусым елордамыздың “Астана” теннис орталығында өтіп жатыр. Командалар “А” және “В” топтарына бөлінген. Әр топтан плей-офф кезеңіне үздік төрт командадан жолдама алады.
🔹️”А” тобында әр тур шиеленіске толы. Қай команданың ширек финалға жолдама аларын тап басып айта алмайсың. “7 арнадан” бастап, барлық 6 команданың да дәмелері бар. Тіпті, “Комментатор” командасының өзі де 2-турда қарсыластары – “Еуразия” бірінші арнасының жүйкесін жұқартты. Ал “Qazcontent” күтпеген жерден “7 арна” ұжымын қапы қалдырды. Бәлкім, әу баста маусымның басты фавориттерінің бірі саналған “7 арнаға” осылайша кішігірім бір шапалақ керек болған шығар. Дегенмен, ең тартысты ойын “Atameken bussines” телеарнасы мен “Қазмедиа” орталығының арасында өтті. Бірінші партия сетболға дейін жетіп, “Atameken bussines” ойыншылары жүйкелерінің мықты екендіктерін көрсетті. Бірақ екінші партияда “қазмедиалықтар” естерін жиып, 25:17 есебін тіркеген. Алайда, тайм-брейкте телеарналықтар тегеурінді ойыны қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді.
🔹️”В” тобында әзірге “Хабар” мен “Qazaq radiosy” ұпай жоғалтқан жоқ. Шамасы топтағы алғашқы екі орынды осы екі ұжым сарапқа салатын тәрізді. Ал қалған екі орынға төрт команда таласуы тиіс. Мәселен, ширек финалға “Aiqyn-Liter” газеттері шығуы мүмкін. Олар аса тартысты өткен ойында басты бәсекелестерінің бірі “Шалқар” радиосын жеңді. Екі партия да 25:23 есебімен аяқталды. “Aiqyn-Liter” мен “Шалқарға” қарсылас болатын командалардың бірегейі – “Егемен Қазақстан” газеті. Өз кезегінде “егемендіктер” маусымның негізгі фавориттерінің бірі “Хабарға” әжептеуір қарсылық көрсетіп, алдағы ойындарда да ешкімге ұпайды оңайлықпен бермейтінін дәлелдеді. Ал МИОР РК ше? Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің командасына жинақталу қажет.
BAQ liga – бір отбасы
🔝Волейболдан BAQ liga ІІІ маусымы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады.
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Қазақстан” РТРК @qazaqstantv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры.
⭕BAQ liga серіктесі – BM Stroy құрылыс компаниясы @bm.stroy
⭕BAQ liga серіктесі – ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті @olympickz
⭕Маусымның ақпараттық қолдаушысы – QAZSPORT телеарнасы @qazsport_official
ДЕМЕУШІЛЕР: