Елордада волейболдан БАҚ лиганың үшінші маусымы басталды.

0
777
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған биылғы чемпионатқа БАҚ өкілдерінен құралған 12 команда қатысуда.

🔹️Айта кетейік, волейболдан БАҚ лиганың әр көктемгі маусымы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады. Бұл қазақ телевизиясында өшпес мұра қалдырған даңқты журналисімізді ұлықтап, есімін сөндірмеу деп білгейсіздер.

🔹️Кеше чемпионаттың алғашқы туры өтті. “А” тобында қарсыластарын 2:0 есебімен жеңген “Atameken bussines” пен “7 арна” командалары көш бастады. Сондай-ақ, қарсыластарын 2:1 есебімен жеңген “Қазмедианың” да қарқыны жақсы. Олардан жеңілген “Qazqontent” те әлеуетті екенін көрсетті. Ұпай алмаса да ұшқыр ойын үлгісін көрсеткен “Еуразия” бірінші арнасы мен “Комментатор” командасы да алдағы уақытта әлі ұпай алатындай екен.

🔹️Ал “В” тобында “Хабар” мен “Qazaq radiolary” жарап тұр. Сонымен қатар, қатысып жатқандарына екі маусым болған “Егемен Қазақстанның” да ойынына әр кіре бастапты. Бірақ, бұлардың қасында маусымға енді ғана қосылған “Айқын-Литер”, “Shalqar” радиосы және соңғы сәтте ғана маусымға тіркелген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің командалары да осал көрінбеді. Сондықтан, қызықтың бәрі енді басталайын деп тұр.

♾BAQ liga – бір отбасы

🔝Волейболдан BAQ liga ІІІ маусымы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады.
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Қазақстан” РТРК @qazaqstantv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры.
⭕BAQ liga серіктесі – BM Stroy құрылыс компаниясы @bm.stroy
⭕BAQ liga серіктесі – ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті @olympickz
⭕Маусымның ақпараттық қолдаушысы – QAZSPORT телеарнасы @qazsport_official

ДЕМЕУШІЛЕР:

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here