Волейболдан Журналистер лигасының үшінші маусымы басталады

0
748
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Мамырдың 15-і күні елордада волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы Журналистер лигасының 3-ші маусымы басталады. Маусым белгілі қаламгер, қазақ тележурналистикасының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады.

BAQ liga – Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын біріктіруге бағытталған жоба. Ол еліміздегі Масс-медиа өкілдері арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттырып, редакция ішіндегі татулықты күшейтеді. Бүгінде BAQ liga брендімен БАҚ өкілдері арасында шағын футбол және волейбол біріншіліктері елордамызда тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Оған әр маусым сайын 70-тен аса БАҚ редакциялары мен 700-ден аса журналистің басын біріктіретін елеулі жобаға айналды. Ойындар Астана теннис орталығында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, волейболдан Журналистер біріншілігінің бірінші маусымында «Қазақпарат» ұжымы чемпион атанған. Екінші маусымда “Qazaqstan-Qazsport” командасы жеңімпаз болған.

Қазіргі уақытта үшінші маусымға өтінімдер қабылдау басталды.

🌀BAQ liga – бір отбасы

🔝Волейболдан BAQ liga ІІІ маусымы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады.
⭕Маусымның басты қолдаушысы – “Қазақстан” РТРК @qazaqstantv
⭕BAQ liga бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory
⭕BAQ liga серіктесі – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры.
⭕Маусымның ақпараттық қолдаушысы – QAZSPORT телеарнасы @qazsporttvkz

ДЕМЕУШІЛЕР:

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here