Берік Уәли: Елордада Амангелді Сейітхан атында алаң ашылады

0
1723
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

БАҚ лига және бұқаралық спорт туралы

Жалпы, өздеріңіз білесіздер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы жолдауында  бұқаралық спортқа ден қою керектігін баса айтқан болатын. Қазіргі таңда елімізде министрлік тарапынан бұқаралық спортқа жақсы көңіл бөлініп жатыр. Оның ішінде бұқаралық спорттың журналистер арасында дамып жатқаны қуантады.  Осы ретте журналистердің басын қосып жүрген Әзиз бауырыма алғысымды айтамын. Ол өз жұмысын ысырып қойып, журналистер арасында тимбилдингті дамытуға барын салуда. Әзиздің сүйікті ісінен ләззат алып жүргені байқалады. Енді журналистер қауымы қолдап отыруға тиіспіз. Тіпті, демеуші тауып, жалақысы мәселесін реттеп берсек деп ойлаймын.

Тоғыныншы маусым туралы

Тоғызыншы маусымға келетін болсақ, Президент Телерадио кешенінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Өте сәтті өтті. Жаңа чемпион пайда болды. Сондықтан барша журналистер қауымын тоғызыншы маусымның сәтті аяқталуымен құттықтаймын.

Қашан алаңға оралады?

Мамыр айында елордадағы барлық әуесқой лигалардың чемпиондарының басын қосып, Президент суперкубогын өткіздік. Сол жарыста сіңірімді созып алдым. Операция да жасалды. Дәрігерлер бір жылға дейін доп тебуге тыйым салған. Қазір жақсарып келеді. Алдағы уақытта алаңға оралатын боламын. Бұл менің сүйікті ісім.

Амангелді Сейітхан атындағы алаң ашылады

Бір өкінішті жағдай бар. Тоғызыншы маусымды бізбен бірге бастаған, Амангелді Сейітхан ағамыз әлемді жалмаған індеттен кетіп қалды. Ол кісіні де еске алу шаралары өтетіне сенімдіміз. Астанадағы футбол алаңқайларының біріне сол кісінің атын беру туралы әкімшілікпен келіссөз жүргізіліп жатыр. Амангелді ағамыздың атын шығарып, журналистер турнирін ұйымдастыру ойда бар.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here