А лигасында алғаш рет Qazaqstan-Qazsport жеңімпаз атанды

0
1283
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Соңғы 15-турда А лигасының чемпионы атанықталды. Бірінші орындағы Qazaqstan-Qazsport жақында ребрединг жасаған, екінші орындағы Хабар-Qurman командасымен кездесті. Бұл ойында алғашқыларына тең нәтиже жеткілікті болса, Хабарға тек жеңіс қажет еді.

Екі командада тізімдегі мықтыларының барлығын жинаған. Хабар-Qurman командасына Шымкенттен Сапарғали Қанат, Алматыдан Абай Жансарбаев, Қызылордадан Әділбек Жақанов келіп қосылды.

Қазспорт сапында Дулат Кәрібай, Ермек Төрениязов секілді Алматыдағы әріптестері көмектесті. Одан бөлек бірнеше турға қатыспаған Дәурен Жолдасов та осы ойыннан табылды.

Матчта есеп жылдам ашылды. Qazaqstan-Qazsport командасының «Манесі» Жандос Манашев мергендік танытқан. Осыдан кейін біразға дейін таблода көрсеткіш өзгермей тұрды. Екі команда алма-кезек шабуылдап жатты.  Бірінші таймның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Нұрсұлтан Құрман айып соққысын әдемі орындап, таразы басын теңестірді.  Хабар осы қарқынмен есепте алға шығуды көздеді. Алайда Qazaqstan-Qazsport қақпашысы Қуат Шайсұлтанов сыр алдырған жоқ. Есесіне,  үзіліске шығатын тұста Ратмир Әубәкір ортадан шірене теуіп, командасын алға шығарды. Бұл гол Хабар жігіттерге ауыр тиген тәрізді.

Екінші таймда абдырап, қайтып жинала алмады. Сөйтіп, таблодағы есеп 7:2-ге жетті. Qazaqstan-Qazsport алғаш рет БАҚ лиганың жеңімпазы атанса, Хабар-Qurman екінші маусым қатарынан күміс жүлдені қанағат тұтты.

Бұған дейін әр түрлі командалар сапында күміс медаль алған Эльдар Аманбаев, Ермек Төрениязов, Бақытжан Масақов, Жандос Манашевтар алғаш рет чемпиондықтың дәмін сезді.

Қола медаль Қазмедиаға бұйырды. Соңғы турда олар Nat Geo Qazaqstan командасымен 4:4 есебімен тең ойнады.

Ал Хабар 24 бұл турда Aiqyn-Литерден 6:4 есебімен басым түсті.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here