Жартылай финалдың алғашқы ойыны Қазмедиа мен Жетінші арна арасында өткен. Алғашқысы ширек финалда Aiqyn-Литер командасынан басым түскен. Екіншісі Хабарды пенальтиден жеңіп кеткен. Бұл жұптың фавориті Қазмедиа еді. Есепті де солар ашты. Нұрбол Тұрсынбаев екінші минутта Мұхтар Тұртаевтан айласып кетті.
Бірақ Жетінші арна шегінген жоқ. Қайта белсенділік танытып, жеңісті жұлып алды. Бұл матчта Құдайберген Маханбетәлі ерекше белсенді ойнады. Алдымен Мәди Әбдуғалиға тамаша пас шығарып берсе, сосын жеңіс голын соғын соқты. Қорытынды есеп – 2:1.
Ал екінші жұпта Qazaqstan-Qazsport Nat Geo Qazaqstan командасына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Әдеттегідей, Nat Geo команда капитаны Арай Ізбай екі сары қағаз алып алаңнан қуылды. Спорт арнасы қарсылас қақпасына жауапсыз төрт гол кіргізді.
Финалды да тартысты өтті дей алмаймыз. Qazaqstan-Qazsport өздерінің мықтылықтарын танытып, қарсыласты ірі есеппен ұтты. Сөйтіп, бұл команда алғаш рет Журналистер кубогының иегері атанып отыр.
Осыған дейін маусымдарда Журналистер кубогына Хабар екі рет, Qazaq radiolary мен ДИиК МО РК командалары бір-бір реттен қол жеткізген.