Әзірге А лигасында Қазмедианың ғана қола жүлдеге қол жеткізгені белгілі. Ал чемпиондық пен Qazaqstan-Qazsport пен Хабар арасындағы өзара кездесуде шешіледі. Алғашқысына тең нәтиже де жеткілікті. Хабар тек жеңіс қажет. Басқа нәтиженің барлығы күміске ғана апаратын жол.
Хабар былтырғы маусымда да сондай күйде болған. Соңғы турда ДИиК МО РК командасымен кездесуде ұтылып, чемпиондықпен қоштасқан. Ол кезде де тек үш керек еді. Осы жолы да жағдай солай. Егер қарсыластан айласын асырса, сегізінші рет БАҚ лиганың жеңімпазы атанады. Ұтылса, екінші рет күміс жүлде. Егер Qazaqstan-Qazsport топ жарып жатса, тарихтың жаңа парағы ашылады.
Бұған дейін лига тарихындағы жоғарыда аттары аталған Хабар мен ДИиК МО РК командалары ғана чемпион болған. Qazaqstan-Qazsport осындай мәртебелі жеңімпаздардың қатарына қосылғылары келеді.
Qazaqstan-Qazsport шабуылшысы осыған дейін екі командамен чемпион атанған. Енді үшіншісімен де жеңімпаз болғысы келеді.
Бақытжан Масақов керсінше күміс жүлдегерлер қатарында жүреді. Бұған дейін Qazaq radiolary мен Хабарда жүріп, екінші орынды қанағат тұтқан. Егер Qazaqstan-Qazsport қарсыласқа есе жіберсе, Масақов үш дүркін БАҚ лиганың күміс жүлдегері атанады.
В лигасында Qsport.kz командасына соңғы турда Kazaknews.kz-тен ұтылмау жеткілікті. Егер есе жіберіп жатса, Metaratings.kz бірінші орынға шығып кетуі мүмкін.
Қола жүлденің иесі Жетінші арна мен Еуразия+Орт арасындағы өзара кездесуде шешіледі.