В лигасында жүлдегерлердің барлығы соңғы турда анықталады

0
917
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Qsport.kz үшінші орында келе жатқан Жетінші арнамен кездескен. Маусым басында чемпиондықтан үмітті саналған телеарна командасы өткен турда Kazaknews.kz-тен ұтылды. Сондықтан теориялық тұрғыдан да мүмкіндіктен айырылған. Бұл жолы 14-турға Жетінші арнаның тең жарты құрамы келген жоқ. Мұхтар Тұртайұлы, Санжар Кеңес, Айбек Рахымов, Бекнұр Нұрмағанбет, Аян Әбдуәли, Олжас Күлтешовтердің ешқайсысы болмады. Елтай Нұрғазин сары қағаздарының саны байланысты қатыса алмады.

Ал Qsport.kz сапынан тек команда капитаны Еламан Әмірғазы шаңырақ көтеріп, матчтан қалыс қалды. Есіне, әріптестері тойға тамаша сый жасады.

Бірінші таймда Qsport.kz үш алға шыққанымен, Жетінші арна жылдам теңестіріп отырған. Ал екінші кезеңде ол қарқындары басылып қалды. Qsport.kz қатарынан 6 гол соғып, 9:3 есебімен жеңіске жетті. Енді чемпион атану үшін соңғы турдан Kazaknews.kz командасынан жеңілмеу жеткілікті. Бір ұпай ғана қажет.

Егер Qsport.kz  ұтылып қалса, чемпиондық Metaratings.kz командасына бұйыруы мүмкін. Олар 14-турда Kazaknews.kz командасынан басым түсті. Әрине, ойын оңай болған жоқ. Бірінші таймда есеп ашылмады.

Ал екінші кезеңде Kazaknews.kz есепті бірінші болып ашқан. Бірақ одан кейін қателіктер жасап, қатарынан үш гол жіберді.

Енді Metaratings.kz соңғы турда Айқаппен кездеседі. Ербол Қайыров бастаған жігіттерде кемі күміс жүлде бар. Чемпион атану үшін Qsport.kz командасының жеңілгенін күтеді және өздері үш ұпай алуы тиіс.

В лигасының үшінші ойыны Айқап пен Еуразия+Орт арасында өткен. Алғашқысы екі күн бұрын 0:9 есебімен Qsport.kz жігіттерінен оңбай ұтылған. Сол нәтиже қатты әсер етті ме, біраз ойыншысы матчқа келмеді. Тіпті, қақпашы Қабиден Қуанышбайұлы да болмады. Амалсыз қақпаны Әзиз Жұмаділ күзетті.

Осы ойында бір оқыс жағдай болды. Айқаптың қорғаушысы Қанат Мыңбаев қарсылас ойыншысымен қақтығыс кезінде екі жерден аяғын сындырып алды. Қанатқа тезірек жазылып кетуіне тілектестік білдіремін.

Одан кейін матч жалғасып, Еуразия жігіттері 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді олардың қола жүлде алуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін соңғы турда тікелей бәсекелестері Жетінші арна тең ойнау да жеткілікті.

БАҚ лиганың тоғызыншы маусымының соңғы туры  5 қыркүйекте өтеді.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here