BAQ liga-ның ойындар кестесіне өзгерістер енуі мүмкін

0
749
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

13 тур ойындары өз уақытымен әу баста бекітілген кестеге сәйкес өтеді. Дегенмен, осы турдағы ойындардың нәтижелеріне байланысты «В» лигасының 14 және 15 тур ойындарына өзгерістер енуі мүмкін. Сондай-ақ, «А» лигасының 13 және 14 тур ойындарының қорытындысына байланысты Біріншіліктің 15 туры мен Кубоктың финалдық ойындарында өзгерістердің орын алуы ғажап емес.

Сонымен, егер 13-турда “Metaratings” командасы ұпай жоғалтпаған жағдайда (жеңіске жетер болса), «В» лигасының 15-тур ойындары 29 тамызға ауыстырылып, 14-ші тур ойындары кейінге шегеріледі.

Егер 13-турда “Metaratings” командасы ұпай жоғалтқан жағдайда «В» лигасының ойындар кестесі әу баста бекітілген кестеге сәйкес өте береді.

Бұл шешім «Qsport.kz» пен «7 арна» командаларының бір бапкердің қарамағында жаттығуына байланысты қауесет әңгімелердің болдырмау үшін шығарылды.

Ал жалпы БАҚ лиганың соңғы ойындар күніне келер болсақ, егер чемпиондықтың тағдыры соңғы турға дейін шешіліп қойса, онда 4 қыркүйек күні Біріншіліктің ойындары өтіп, 5 қыркүйекте Кубоктық матчтар өтеді. Чемпиондықтың тағдыры соңғы турға дейін шешілмесе, онда ойындар кестесі әу баста бекітілген кесте бойынша өте береді.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here