№20
Qsport.kz – Еуразия+ОРТ
А) «Qsport.kz» командасына қарсы ойында біріншіліктегі үшінші ескерту қағазын алған «Еуразия+ОРТ» командасының ойыншысы Мирас Қайырхан (№5) командасының біріншіліктегі келесі кездесуіне қатыса алмайды.
№21
Қазмедиа – Aiqyn-Liter
А) «Aiqyn-Liter» командасына қарсы кездесуде біріншіліктегі үшінші ескерту қағазын алған «Қазмедиа» командасының ойыншысы Еркін Бектенов (№8) командасының біріншіліктегі келесі кездесуіне қатыса алмайды.
№22
Хабар – Хабар 24
А) «Хабар 24» командасына қарсы кездесуде біріншіліктегі үшінші ескерту қағазын алған «Хабар» командасының ойыншысы Қолғанат Салин (№6) командасының біріншіліктегі келесі кездесуіне қатыса алмайды.
№23
Qazaqstan Qazsport – NatGeoQaz
А) «NatGeoQaz» командасына қарсы кездесуде алаңнан қуылған «Qazaqstan Qazsport» командасының ойыншысы Қуат Шайсұлтанов (№1) қарсыласына жасаған өрескел әрекеті үшін Командасының БАҚ лигадағы кубок пен біріншілікті қосқандағы алдағы екі ойынынан аластатылды. Бұрынғы ескерту қағаздары сақталады. Ойыншыға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
БАҚ лига жазғы маусымы соңына жақындап қалғандықтан айыппұл 2021 жылдың 2 қыркүйегіне дейін төленуі тиіс.
В) «Qazaqstan Qazsport» командасына қарсы кездесуде алаңнан қуылған «NatGeoQaz» командасының ойыншысы Маханбет Әнуарбекұлы (№10) Командасының БАҚ лигадағы кубок пен біріншілікті қосқандағы алдағы екі ойынынан аластатылды. Бұрынғы ескерту қағаздары сақталады. Ойыншыға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
БАҚ лига жазғы маусымы соңына жақындап қалғандықтан айыппұл 2021 жылдың 2 қыркүйегіне дейін төленуі тиіс.
С) «NatGeoQaz» командасына қарсы кездесуде дисквалификациялық жазасын өтеп жатқанына қарамастан төрешінің ысқырығынан кейін алаңға жүгіріп шығып, қарсыласының жағасына жармасу арқылы алаңда дүрбелең туғызғаны үшін және бұл әрекеті екінші рет қайталанып отырғандықтан «Qazaqstan Qazsport» командасының ойыншысы Қуан Шайсұлтанов (№2) БАҚ лига аясындағы барлық ойындардан 12 айға аластатылды. Ойыншыға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
БАҚ лига жазғы маусымы соңына жақындап қалғандықтан айыппұл 2021 жылдың 2 қыркүйегіне дейін төленуі тиіс.
D) «NatGeoQaz» командасына қарсы кездесуде біріншіліктегі үшінші ескерту қағазын алған «Qazaqstan Qazsport» командасының ойыншысы Эльдар Аманбаев (№5) командасының біріншіліктегі келесі кездесуіне қатыса алмайды.