Амангелді Сейітхан қандай командаларда ойнаған?

0
914
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Амангелді Сейітхан 2016 жылдарға дейін Алматы командаларында ойнап жүрді. Сейдахмет Бердіқұлов турнирін өзі қызмет атқаратын Хабар агенттігінің капитаны ретінде бірнеше рет жеңіп алды. Тіпті, 2009 жылы 40 жасқа толуына байланысты белгілі меценат Бауыржан Оспанов дәл Бердіқұлов турнирі өтіп жатқан кезде темір тұлпарда мінгізген болатын.

Ал кейіннен елордаға жұмыс бабымен қоныс аударып, БАҚ лиганың барлық маусымына қатысты. Ең алдымен Kazakh TV командасының намысын қорғады. Ермұхамед Мәулен, Қанат Базылхан, Аят Дүйсебаев, Еркебұлан Шуашов, Сәкен Идеятов секілді ойыншылармен бірге «Астана» спорт кешеніндегі ойындардың көркін келтірді.

Одан кейінгі маусымда Құмарбек Азат, Әзиз Жұмаділ, Дастан Кенжеалиндермен бірге Жеңіс командасында доп тепті.

Ал үшінші маусымда Қанат Базылханды ертіп, Qazsport сапына ауысты. Спорттық арнаның қатарында бір маусым ойнады.

Сосын жазда Қаламгер жейдесін киді. Ұлттық құраманың көк жейдесімен өнер көрсетті. Кейін Қаламгер екіге бөлінді. Амангелді Сейітхан қазіргі кезде Шымкент қаласының әкімінің орынбасары болып жүрген Шыңғыс Мұқанмен ілесіп, Мазмұнама сапына қосылды. Қасында әлбетте Қанат Базылхан бірге жүрді.

Одан кейінгі үш маусымда Aiqyn-Литердің қатарында ойнады. Өзі үнемі: «Бұл лигада кім жеңетіні «айқын» ғой деп әзілдеп тұратын. Әзірге Айқын чемпион болған жоқ. Бірақ Амангелді Сейітханның есімі ел есінде қалатыны айқын. Оның комментатор ретінде айтқан сөздері, ақыл кеңестері, айтыстағы шумақтарын әлі күнге ұмытпайтын жанкүйерлері бар.

Қазақ барда Амангелдінің есімі ұмтылмайтыны анық.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here