Тоғызыншы маусымның аяқталуына екі апта қалды. Сондықтан командалар бар күштерін салып жатыр. А лигасында үш команда жүлдеден күдер үзген. Тек олар жоғары лигадағы орындарын сақтап қалуға тырсады.
Ал Qazaqstan-Qazsport, Хабар, Қазмедиа міндетті түрде өзара үштікті бөліседі. Тек қайсысына қандай медаль бұйыратынын қыркүйектің басында білеміз.
Өткен аптадағы екі турда Qazaqstan-Qazsport төрт ұпай жинады. Сенбі күні күтпеген жерден Aiqyn-Литермен тең түссе, жексенбіде Nat Geo Qazaqstan командасының қателігін тиімді пайдаланды. Бұл ойында команда капитаны Эльдар Аманбаев дубль жасады.
Хабар алдымен Nat Geo Qazaqstan командасына барлық жағынан есе жіберді. «Табиғат жыршыларының» жеңісі заңды болды. Матчта Махамбет Ануарбекұлы хет-трик жасады.
Дегенмен жексенбі Хабар өздерінің бір корпорациядағы әріптестері Хабар 24 командасын 4:2 есебімен жеңді. Есепті Бейімбет Молдағали ашқанымен, кейіннен Қолғанат Салиннің хет-тригі таразы басын басқа жаққа аударды.
Ал Қазмедиа екі күнде алты ұпай жинап, 100 пайыз көрсеткішпен чемпиондықтан үмітті екендіктерін байқатты. Енді оларға қалған үш ойында ұтуы керек. Сол кезде алғаш рет БАҚ лиганың жеңімпазы атануға болады. Бірақ оған Qazaqstan-Qazsport пен Қазмедиа келісе қоя ма, бұл жағын алдағы апталарда білетін боламыз.
Aiqyn-Литер сенбі күні көшбасындағы Qazaqstan-Qazsport командасынан бір ұпай тартып алғандарымен, одан кейін Қазмедиаға шамалары жеткен жоқ. Тек Ерсұлтан «Черный» Кәріпбайдың кезекті айып соққысын сәтті орындағанын ғана ерекше айтуға болатын шығар.