А лигасында 10-турдан кейін Әлішер Келгенбай жеке-дара көшбастап тұрған. Екінші орындағы Құмарбек Азат одан 9 голға қалып қойған еді. Бірақ өткен демалыс Құмарбек үшін сәтті болды. Ол алдымен сенбі күні Хабар 24 қақпасына покер жасаса, жексенбіде Aiqyn-Литер командасына үш гол соқты. Сөйтіп, доптарының санын 16-ға жеткізді.
Ал Әлішер Келгенбай бұл аптаны голсыз аяқтады. Сенбі күні Aiqyn-Литер-мен кездесуде ол бірде-бір доп кіргізе алмады. Жексенбіде ойынға келмеді.
Үшінші орынға Хабардағы Қолғанат Салин көтерілді. Ол екі күнде бес голға көрімдік сұрады. Алдымен Nat Geo Qazaqstan қақпасына дубль жасаса, кейін Хабар 24 командасына үш гол соқты.
Төртінші орынға Qazaqstan-Qazsport командасы Эльдар Аманбаев жайғасты. Ол екі күнде үш голдың авторы атанды. Жалпы, доптарының 10-ға жеткізді.
В лигасында бұл аптада Бекболат Кәрібай ойнады. Дегенмен ол әлі де сұрмергендер тізімінде бірінші орында келе жатыр. Бірақ оны Metaraitngs.kz ойыншысы Руслан Тәуірше қуып жетті. Екеуінде 9 доптан бар.
Одан кейін Алмас Мырзахан (Kazaknews.kz) пен Мәди Абдуғали (Жетінші арна) жайғасқан.