В лигасындағы шым-шытырық әлі жалғасып жатыр

0
440
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бұл жолы турдың шымылдығын Еуразия+Орт мен Kazaknews.kz ашып, екеуі тең тарқасты. Үзіліске дейін есеп ашылмағанымен, екінші таймда екі команданың сұрмергендері бір-бір голдан соқты. Еуразия сапынан Ерден Құспан есепті ашса, Алмас Мырзахан таразы басын теңестірді.

Qsport.kz үшінші айналымға жақсы дайындықпен келіпті. Команда прессингті күшейткен. Бекболат Кәрібай болмаса да, ойнай алатындарын көрсетті. Бұл жолы Metaratings.kz командасын аса қиналмай жеңді. Әсіресе, Ержан Жүніс белсеніп, дубль жасады. Сонымен қатар Нұрмұхамед Байсүгіров пен Абылай Ыбырайұлы бір-бір голдан мергендігімен көзге түсті. Metaratings.kz сапынан жалғыз голды Еркебұлан Әзімхан кіргізді.

Ал Жетінші арна Aiqap-қа мүмкіндік қалдырған жоқ. Қақпашы Қабиден Қуанышбайұлына алыстан тепкен соққылардың бәрі кіріп жатты. Бірақ қақпашы қорғаушылардың тосқауыл болмағанын айтады. Әрине, барлық голға бірдей қақпашыны кінәлай берген де дұрыс емес болар. Бастысы, бұл ойында Жетінші арнаның қорғаушыларының өзі мәселені шешіп тастағанын айтуға болады. Қорытынды есеп – 6:1.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here