Aiqyn-Литер Амангелді Сейітханның құрметіне бар күштерін салды

0
450
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бүгін тур ойындардың барлығы күні кеше дүниеден өткен Амангелді Сейітханды еске алумен басталды. Белгілі спорт журналисі өмірінің соңғы күніне дейін доп теуіп өткен әріптестері жақсы біледі. Амангелді ағаның соңғы командасы осы Aiqyn-Литер болатын. Командалас әріптестері ойын алдында арнайы жейде тіктіріп, құрмет көрсетті.

Осыған дейін көшбасшы командалардың барлығынан ұтылып жүрген Aiqyn-Литер бүгін бірінші рет ТОП-3 санатындағы ұжыммен тең ойнады. Тіпті, жеңіске жетуге де мүмкіндіктері болды. Ойынды тамашалағандар Амангелді Сейітханның рухы қолдағандай болды деп жатты.

Матчтың бірінші таймында Qazsport қанша шабуылдағанымен, гол соға алмады. Командалар үзіліске тең тарқасты. Ал екінші кезеңде Эльдар Аманбаев қарсыластың өзара пас алмасуы кезінде қателігін тиімді пайдаланып кетті. Бірақ Aiqyn-Литер көп өтпей таразы басын теңестірді. Гол соққан кіші Амангелді Сейітханов. Өзімен аттас ағасының өмірден өтуі Амангелдіге де оңай соқпағаны анық. Ол соққан голын әрине әріптес-ағасына арнады.

Бұдан кейін Елдос Манашев қайтадан Qazsport командасын алға шығарған. Жақын бұрыштан оның тепкен добына қақпашы тосқауыл бола алмады. Осы гол Aiqyn-Литер қақпашысы Әнуар Кәрбозовтың намысына тигендей, бірден жейдесін ауыстырып, шабуылға шықты. Бұл тактика өз жемісін берді. Ауттан лақтырған допқа бірінші жеткен Әнуар басымен ұрып, есепті 2:2-ге жеткізді.

Сөйтіп, Qazsport күтпеген жерден ұпай жоғалтты.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here