Тәртіптік-бақылау комитеті төрт команданың ұпайларын шегерді

0
492
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

         №15

Еуразия+ОРТ – 7 арна

А) «Еуразия+ОРТ» командасына қарсы ойында біріншіліктегі үшінші ескерту қағазын алған «7 арна» командасының ойыншысы Әлішер Өмірзақ (№11) командасының біріншіліктегі келесі кездесуіне қатыса алмайды.

В) «Еуразия+ОРТ» командасына қарсы ойында қарсыласына қарсы дөрекі ойнаған «7 арна» командасының ойыншысы Елдос Өмірхан (№10) командасының БАҚ лигадағы келесі екі кездесуінен аластатылды. Екі матчтық дисквалификацияның біреуін Журналистер кубогының ширек финалдық матчында өтеп қойғандықтан Елдос Өмірхан 12-турда алаңға шығу құқығына ие болады.

         №16

Qazaqstan-Qazsport – NatGeoQaz

А) «NatGeoQaz» командасына қарсы кездесуде біріншіліктегі үшінші ескерту қағазын алған «Qazaqstan-Qazsport» командасының ойыншысы Едіге Ержан (№77) командасының біріншіліктегі келесі кездесуіне қатыса алмайды.

В) «NatGeoQaz» командасына қарсы кездесуде біріншіліктегі үшінші ескерту қағазын алған «Qazaqstan-Qazsport» командасының ойыншысы Бақытжан Масақов (№4) командасының біріншіліктегі келесі кездесуіне қатыса алмайды.

С) Матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «NatGeoQaz» командасына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айыппұл 2021 жылдың 30 тамызына дейін төленуі тиіс.

№17

Хабар – Қазмедиа

А) «Қазмедиа» командасына қарсы кездесуде біріншіліктегі үшінші ескерту қағазын алған «Хабар» командасының ойыншысы Шыңғыс Ерғалиев (№7) командасының біріншіліктегі келесі кездесуіне қатыса алмайды.

В) «Қазмедиа» командасына қарсы кездесуде екі ескерту қағазын алып, алаңнан қуылған «Хабар» командасының ойыншысы Айбек Қабылша (№1) командасының біріншіліктегі келесі ойынына қатыса алмайды.

С) «Хабар» командасына қарсы кездесуде біріншіліктегі үшінші ескерту қағазын алған «Қазмедиа» командасының ойыншысы Ершат Қожатаев (№11) командасының біріншіліктегі келесі кездесуіне қатыса алмайды.

D) «Хабар» командасына қарсы кездесуде екі ескерту қағазын алып, алаңнан қуылған «Қазмедиа» командасының ойыншысы Мағжан Төлеуов (№77) командасының біріншіліктегі келесі ойынына қатыса алмайды.

         №18

А) Тәртіптік-бақылау комитетінің 2021 жылғы 9 шілдесіндегі №4 шешіміне сәйкес, айыппұлды төлемегені үшін «Еуразия+ОРТ» командасының турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы шегерілді.

Командаға айыппұлды 2021 жылғы 26 тамызға дейін төлеу туралы шешім шығарылды. Айыппұлды төлеген жағдайда ұпайы қайтарылады.

В) Тәртіптік-бақылау комитетінің 2021 жылғы 22 шілдесіндегі №10/D шешіміне сәйкес, айыппұлды төлемегені үшін «NatGeoQaz» командасының турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы шегерілді.

Командаға айыппұлды 2021 жылғы 26 тамызға дейін төлеу туралы шешім шығарылды. Айыппұлды төлеген жағдайда ұпайы қайтарылады.

С) Тәртіптік-бақылау комитетінің 2021 жылғы 30 шілдесіндегі №14/А шешіміне сәйкес, айыппұлды төлемегені үшін «Хабар» командасының турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы шегерілді.

Командаға айыппұлды 2021 жылғы 26 тамызға дейін төлеу туралы шешім шығарылды. Айыппұлды төлеген жағдайда ұпайы қайтарылады.

D) Тәртіптік-бақылау комитетінің 2021 жылғы 30 шілдесіндегі №14/В шешіміне сәйкес, айыппұлды төлемегені үшін «Қазмедиа» командасының турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы шегерілді.

Командаға айыппұлды 2021 жылғы 26 тамызға дейін төлеу туралы шешім шығарылды. Айыппұлды төлеген жағдайда ұпайы қайтарылады.

         №19

А) «Qazaqstan-Qazsport» командасының ойыншы Қуан Шайсұлтановқа (№2) қатысты арызы қарастырылып, Ойыншының кінәсін түсінгені, кешірім сұрағаны және Тәртіптік-бақылау комитеті бекіткен айыппұлды өтегені ескеріліп, дисквалификациясы 8+10 (8 ойын нақты, 10 ойын сынақ түрінде) түріне өзгертілді. Сегіз матчтық дисквалификациясының алтауын өткеріп қойғанын ескерсек, Қуан Шайсұлтанов алаңға 13-турдан бастап шыға алады.

В) «7 арна» командасының ойыншы Санжар Кеңесовке (№8) қатысты арызы қарастырылып, Ойыншының кінәсін түсінгені, кешірім сұрағаны және Тәртіптік-бақылау комитеті бекіткен айыппұлды өтегені ескеріліп, дисквалификациясы 8+10 (8 ойын нақты, 10 ойын сынақ түрінде) түріне өзгертілді. Сегіз матчтық дисквалификациясының жетеуін өткеріп қойғанын ескерсек, Санжар Кеңесов алаңға 12-турдан бастап шыға алады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here