Жартылай финалға шыққан төрт команда анықталды

0
1260
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Биылғы кубок ойындары алдымен топтық кезең бойынша өткізілген. А және В лигасының 12 командасы төрт топқа бөлінген. Әр топтан келесі кезеңге екі команда жолдама алды. Сол сегіз команда өткен аптада ширек финалдың ойындарын өткізді.

Qazaqstan-Qazsport Хабар 24 командасын ірі есеппен жеңді. Сол секілді Қазмедиада да Aiqyn-Литерге мүмкіндік қалдырған жоқ. Ал Nat Geo Qazaqstan өз кезегінде Qsport.kz-тен 1:0 есебімен басым түсті. Ал ширек финалдағы ең тартысты ойын Хабар мен Жетінші арна арасында өтті.

Екі команда осыған дейін Бердіқұлов турнирінде кездескен. Ол кезде матч 2:2 есебімен аяқталып, пенальтиден Жетінші арна жеңіске жеткен. Бұл жолы да дәл солай болды.

Негізі Хабардың жеңіске жетуіне керемет мүмкіндігі болған. Жетінші арна сапынан Айбек Рахымов пенальтиді аспанға тепкен соң, Хабар есепте алда тұрған. Алайда Хабардан алдымен Асқар Хамиден сосын Қаһарман Шаһарбекұлы қателесіп, команда жарысты ширек финалдан аяқталды.

Осылайша, Қазмедиа, Qazaqstan-Qazsport, Nat Geo Qazaqstan, Жетінші арна жартылай финалға өтті. Енді жеребе тартылып, жартылай финалдың жұптары анықталады. Бір айта кетерлігі, бұл командалардың ешқайсысы бұған дейін Журналистер кубогында топ жарып көрмеген.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here