Қазмедиа тағы да соңғы минутта есепті теңестірді

0
482
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бұл екі команда маусымның алғашқы турында кездескен. Ол кезде Қазмедиа 2:1 есебімен ұтып, жеңісті беріп қойған. Одан кейін кубокта 6:6 есебімен тең тарқасты. Қызығы, бұл матчта тіпті Қазмедиа 5:1 есебімен алда болған.

Осы жолы керсінше Хабар 2:0 есебімен жеңіп тұрып, сол есепті ұстай алмай қалды. Алдымен бірінші таймда Қолғанат Салин мергендік танытқан. Үзілістен соң, Абай Жансарбаевтың қиып шығарып берген пасын Қаһарман Шаһарбекұлы ұтымды пайдаланды. Ол қақпашы Қанат Базылханмен бетпе-бет шығып, қақпашының үстінен асырып тастай салды.

Мәселе шешілгендей көрінген. Бірақ Құмарбек Азат көрінбесе де, Қазмедиада Ершат Қожатаев бар екен. Хабардың экс-қорғаушысы өзі белсеніп, айналасы 5-6 минуттың ішінде дубль жасап үлгерді. Соңғысы, матчтың бітуіне 45-секунд қалғанда соғылды.

Сөйтіп, Қазмедиа осымен екінші ойында ұтылып жатып, бір ұпайға қол жеткізді. Бұған дейін Qazaqstan-Qazsport командасымен де 2:2 есебімен тең ойнаған.

Nat Geo Qazaqstan естерін енді жиғандай. Командаға Ерұлан Нұрланов келіп қосылды. Бесінші нөмірлі қорғаушы бұл командаға нағыз қажет ойыншы екен. Ағасы Төребимен бірге Aiqyn-Литер қорғанысын үш рет бұзды.

Матч 3:0 есебімен Nat Geo Qazaqstan командасының пайдасына шешілді. Бұған дейін бірінші айналымда екі команда арасындағы ойында гол соғылмаған.

Qazaqstan-Qazsport өткен демалыста Хабар 24 командасымен екі ойын өткізіп, екеуін де ірі жеңіспен аяқтады. Алғашқысы лиганың 10-туры болатын.

Бұл ойында спорттық арна сапынан Эльдар Аманбаев пен Әлішер Келгенбай дубль авторы атанса, бір голды Мағжан Жұмабаев соқты. Хабар 24 тек Марат Тукатовтың жалғыз голымен жауап берді.

Осы жеңістен кейін Qazaqstan-Qazsport тағы да жеке-дара көшбасына шықты. Қазір команда Хабардан екі, Қазмедиадан төрт ұпайға озып тұр. Лиганың аяқталуына бес тур қалды.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here