В лигасында төрт команда арасында чемпиондыққа талас қызып тұр

0
340
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Осының алдында тоғызыншы турда алғашқы бір ұпайына қол жеткізген Aiqap бұл жолы да қарсыласымен тең ойнады. Бір қызығы, өткен турда Qsport-пен 3:3 есебімен ойнаса, осы жолы Metaratings.kz командасымен кездесуде де дәл сондай есеп тіркелді.

Ербол Қайыров бастаған жігіттер өздерінен басқа ешкімді кінәлай алмайтыны анық. Екінші таймның орта тұсында 3:1 есебімен алда тұрған. Бірақ Астана клубы өздеріне қолайлы есепті ұстап тұра алмады.

Әрине, Айқап КУПС секілді жеңісті жұлып алмаса да, бір ұпайға қуанатыны анық. Егер Metaratings.kz жеңіске жеткенде қарсыластарынан озып кететін еді. Бірақ ондай болмады.

Ал Жетінші арна күтпеген жерден Еуразия+Орт командасынан жеңіліп қалды. Маусымның басында ұпай таратып жүрген Еуразия осы күні кез келген команданы ұтуға қауқары жететінін байқап жүрміз. Оған команданың тұрақты жаттығу жасап, кәсіби бапкермен дайындалуы да себеп болса керек. Теккен тер босқа кетпесі анық. Атқарылған жұмыс өз нәтижесін беріп жатыр. Бұл ойын 3:2 есебімен аяқталды.

Ал Qsport 10-турда Kazaknews.kz командасын аяған жоқ. Олар қарсылас қақпасына бес гол соқты. Жилина мен Тобыл кездесуінің мини-нұсқасы болды.

Осылай В лигасының екінші айналымы аяқталды. Алда шешуші үшінші айналым бар. Командалар бір-бірімен тағы бір рет кездесіп шығады. Сол кезде чемпиондық анықталды. Әзірге чемпиондықтан төрт команда үмітті. Олар: Metaratings.kz, Жетінші арна, Qsport және Еуразия+Орт.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here