Жетінші арна В лигасында топ жара ала ма?

0
379
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Команданы дебютант дегенімізбен ойыншыларының бәрі тәжірибелі. Көбісі былтыр Qazaq radiolary-ында ойнаған. Алғашқы турларда қатарынан бірнеше ойында жеңіске жетіп, одан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнирде күміс жүлдеге ие болған соң, Жетінші арнаға В лигасында бәсекелес жоқ секілді көрінген.

Бердіқұлов турнирінде Жетінші арна Qazsport пен Хабарды ығыстырды. А лигасында чемпиондықтан басты үміткерлерді жеңген соң, В лигасында шаппай бас бәйге алатын шығар деп топшылыағанбыз.

Бірақ Qsport және Metaratings.kz командаларымен кездесуде мүмкін болған 12 ұпайдың тек екеуін жинады. Сондықтан қазір екінші орынды қанағат тұтты. Оның үстіне, Metaratings.kz командасымен ойыннан кейін команданың көшбасшыларының бірі Санжар Кеңес маусым соңына дейін қуылды.

 

Трансферлік кезеңде командаға Олжас Күлтешов пен Аян Әбдуәли келіп қосылды. Екеуі де бұрыннан лигада ойнап жүрген жігіттер. Бірақ жаңа командаларына қаншалықты қолғабыс жасай алатынын уақыт көрсетеді.

 

Жетінші арнаның алда әлі бес ойыны бар. Егер осы матчтарда ұпай жоғалтпаса, чемпиондықтан үміті бар.

 

Жетінші арнаның лигадағы қалған ойындар кестесі:

 

10-тур

(14.08.2021 ж, Сенбі)

13:00. Еуразия+ОРТ – 7 арна

11-тур

(21.08.2021, сенбі)

13:50. 7 арна – AiQap

12-тур

(29.08.2021 ж, Жексенбі)

13:00. Metaratings – 7 арна

13-тур

 (04.09.2021 ж, Сенбі)

16:20. Kazaknews.kz – 7 арна

14-тур

(05.09.2021 ж, Жексенбі)

13:00. 7 арна – Еуразия+ОРТ

(12.09.2021 ж, Жексенбі)

16:20. Qsport.kz – 7 арна.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here