Бұрынғы Қаламгердің мұрагері Metaratings.kz үшін қысқы маусым сәтті бола қойған жоқ. Амбициялары жоғары болғанымен, нәтижелері көңіл көншітпеді. Төменгі орындардың бірінде қалды. Команда жетекшісі Ербол Қайыров паркеттен гөрі, даладағы жасанды алаңда ойнағанын жақсы көретінін айтқан еді. Оның үстіне, биылғы маусымда команда құрамын біраз күшейтіпті. Бірінші кезекте 33+ лимитін шешу үшін Мазмұндамада ойнаған Айдын Қожахметті қатарға қосқан. Қысқы маусымда осы жағынан біраз қиналған еді. Сосын трансферде Qazsport-тың қосалқы құрамында қалған Тұрлыжан Әйтеновті қайтарып алды.
Ал шабуыл шебінде Руслан Тәуірше ойқастап жүр. Трансферде Берік Жайрықбаев есімді ойыншы қосылды. Одан бөлек, соңғы кездері жиі гол соғып көзге түсіп жүрген Мұрагер Мұратов бар. Команда капитан Нұркен Тоқмурзин де керек жерден табыла біледі. Константин Генич пен Георгий Черданцевтің ізбасары комментатор Саят Жаңабек алыстан жасайтын соққыларымен біраз мәселені шешіп жүр. Қосалқы құрамда болашақта Фабрицио Романо секілді инсайдер боламын дейтін Әділ Саптаев бар.
Metaratings.kz биыл әзірге В лигасындағы негізгі екі фавориттен жеңілген жоқ. Яғни Жетінші арна мен Qsport.kz командаларынан екі ойында сегіз ұпай еншіледі. Бұл жақсы көрсеткіш. Өкініштісі, бірінші айналымда Kazaknews.kz пен Еуразия+Орт командаларына ұпай үлестірді. Дегенмен екінші айналымда оларды жеңді.
Енді екінші айналымның соңғы ойынын Aiqap-пен өткізеді. Сосын үшінші айналымда барлық командамен қайта кездесіп шығады. Әзірге команда 9 турдан кейін 18 ұпаймен көшбасында тұр. Чемпион болу үшін фавориттермен ойында ұпай жоғалтпау керек. Оған Metaratings.kz-тің шамасы жете ме?