Хамиденнің бенфисі, көшбасшылардың тең ойыны. А лигасының 9-турына шолу

0
393
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Матчтағы есепті бірінші таймда бұрыштама добынан кейін Қазмедианың әмбебап ойыншысы Мағжан Төлеуов ашқан. Биыл Мағжан кез келген позицияда доп тебе алатынын дәлелдеп жүр. Қақпадан бастап, шабуылға дейін араласады. Төлеуов соққан гол үзіліске дейін сақталып тұрды.

Ал екінші таймда жағдай өзгерді. Сәт сайын шабуылдаған Qazaqstan-Qazsport ақыры Саят Сабырбаев қақпасының кілтін тапты. Бір емес, екі рет. Алдымен Ратмир Әубәкір таразы басын теңестірсе, одан кейін Алматыдан келген Дулат Кәрібай командасын алға шығарды.

Дегенмен Қазмедиа бұл күні бір ұпайға шамасы жетті. Матчтың соңғы минутында айып соққысын сәтті орындған Құмарбек Азат есепті 2:2-ге жеткізді. Ойын бойы көзге түспеген Құмарбек командасының алаңнан бос кетпеуіне бәрібір де үлесін қоса алды.

Бұл екеуінің тең ойнауы – Хабарға тиімді болды. Олар осы турда Aiqyn-Литерді оңай жеңді. Матч Асқар Хамиденнің жеке бенефисіне айналды. Бір кездері Нұрсұлтан Қабылбек, Әлішер Келгенбай секілді шабуылшылар бар кезде қосалқы құрамда қалып жүрген Асқар биыл командасының негізгі ойыншысына айналған. Соңғы кездері жиі гол соғып көзге түсіп жүр. Бұл турда ол хет-триктің авторы атанды. Ал жалпы ойын 5:1 есебімен аяқталды.

Сонымен қатар А лигасының үшінші матчы Nat Geo Qazaqstan мен Хабар 24 арасында өтіп, тең аяқталды. Бірінші таймдағы Махамбет Ануарбекұлының голына екінші кезеңде Аян Омарқұлов жауап қайтарды. Қорытынды есеп – 1:1.

Сөйтіп, екінші айналымда түгесілуге жақын. Келесі аптада екінші айналымның соңғы туры өтеді.

10-турда кездесетіндер:

Nat Geo – Aiqyn-Литер

Qazaqstan-Qazsport – Хабар 24

Хабар – Қазмедиа.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here