В лигасында Metaratings.kz көш бастап, Aiqap алғашқы ұпайын алды

0
246
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Тоғызыншы турдың басты сенсациясы Айқаптың алғашқы ұпайына қол жеткізуі болды. Осыған дейін сегіздің турдың барлығында ұпай таратқан аутсайдер команда чемпиондықтан үмітті Qsport-пен тең тарқасты. Матч 3:3 есебімен аяқталды.

Бұл кездесуде Qsport есеп ашса, Айқап жылдам жауап қайтарып отырды. Сөйтіп, екі команда тең тарқасты. Осы апта Еламан Әмірғазы бастаған Qsport үшін аса сәтті бола қоймады. Сенбі күні Metaratings.kz командасынан да жеңіліп қалған.

Есесіне, Ербол Қайыров болмаса да, Metaratings.kz үшін барлығы әзірге керемет. Бұл жолы Еуразия+Орт командасын оңай жеңді. Руслан Тәуірше дубль жасаса, Нұркен Тоқмурзин бір гол соқты. Ал бір допты Олжас Жанасбаев өз қақпасына кіргізіп алды.

Осыдан соң, 18 ұпай жинаған Metaratings.kz көшбасына шықты. Енді алдағы алты матчта осы қарқындарынан таймаса, чемпион атануға мүмкіндіктері бар.

Сондай-ақ Kazaknews.kz 7 арнамен кездескен. Ойын олар үшін сәтті басталды. Алмас Мырзахан 21-минутта командасын алға шығарған. Бірақ одан кейін қарсылас команда ойын тізгінін өз қолдарына алып, есепті 5:2-ге жеткізді.

Сөйтіп, 7 арна қайтадан турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here