Алдымен Metaratings.kz пен Kazaknews.kz кездескен. Ойын тартысты өтті. Матчтың соңғы минуттарына дейін кімнің жеңетіні белгісіз болды. Өйткені екі команда есепте алма-кезек алға шығып отырды.
Есепті Metaratings.kz ойыншысы Мұрагер Мұратов ашқан. Бірақ Kazaknews.kz сапында Алмас Мырзахан таразы басын теңестіріп үлгерді. Бір айта кетерлігі, Алмас волейболдағы үздіктердің бірі. Енді футболдағы қабілетін де байқатып жүр. Осы матчта хет-трик жасап үлгерді. Алайда Алмастың үш голы да жеңіс үшін жеткіліксіз болды. Ойынның аяқталуына 5 минут қалғанда 4:3 есебімен алда тұрған Kazaknews.kz кейінннен жеңісті беріп қойды. Нұркен Тоқмурзин мен Руслан Тәуірше соққан голдар Metaratings.kz командасының үш ұпай еншілеуіне себеп болды. Қорытынды есеп – 5:4.
Ал Aiqap пен Еуразия арасындағы ойында ешқандай сенсация тіркелмеді. Айқап командасы трансферде біраз белсенді жұмыс істеп еді. Бірақ жаңадан келген ойыншылары да сенімді ақтай қоймайды. Айтпақшы, жыл сайын екі команда ауыстыратын Мирас Қайырхан бұл жолы трансферде Айқаптан Еуразияға өтіп кетті.
Матч 8:3 есебімен аяқталды. Ерден Құспанов хет-трик жасаса, Олжас Жанасбаев дубльдің авторы атанды. Сонымен қатар Азамат Ерболатов пен Асхат Жүсіпбек бір-бір голдан соқты. Ал бір допты Гайдар Ысқақов өз қақпасына кіргізіп алды.
Aiqap командасынан Ұлан Ақсұлтанов, Дәурен Дариябек, Нұрбол Таза мергендімен көзге түсті.
Осы турдың орталық ойыны 7 арна мен Qsport.kz арасында өтті. Трансферден кейін екі команда сапында да өзгеріс бар. Мысалы, 7 арнаға Олжас Күлтешов пен Аян Әбдәули қосылған. Қарсылас команда Ержан Жүніспен келісімге келген.
7 арна сапынан команданың үздігі Елдос Өмірхан матчқа келе алмады. Ал ойынға тоқталсақ, Qsport.kz-тың жас әрі жылдам ойыншылары матч тағдырын шешіп кетті. Әсіресе, Бекболат Кәрібай хет-трик жасап көзге түсті. Қорытынды – 5:2.
Турнир кестесінде әзірге Тәртіптік-бақылау комитетінің шешіміне ұпайлар алынған. Мұндай жазаға В лигасында үш команда іліккен. Олар: Qsport.kz, Kazaknews.kz, Айқап. Сондықтан 3 ұпайларын алынған. Егер талаптарды орындаса, ұпайлары қайтарылады. Ондай кезде Qsport.kz жеке-дара көш бастайтын болады.
Әзірге көш басында Еуразия+Орт командасы тұр.