А лигасында үш команда топ жарудан үмітті

0
326
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бірінші айналымда 2:2 есебімен тең тарқасқан. Бұл жолы да сценарий соған ұқсас болды. Айтпақшы, осы аптада трансферлік терезе ашылып, командалар құрамдарын күшейткен. Сол кезде Хабардың көшбасшыларының бірі Бақытжан Масақов басты қарсыласына басты бәсекелесіне ауысып үлгерді. Бұған әрине Хабар жетекшілері батасын беріп шығарып салмағаны түсінікті.

Бақытжан Хабардың бұл маусымды әріқарай жалғастырмаймыз деген шешімінен кейін қабылдағанын айтып отыр.

Сонымен қатар Qazsport осы ойынға Алматыдан Дулат Кәрібаевты шақырыпты.Одан бөлек, трансферде Жандос Манашевтің інісі Елдос Манашев те командаға қосылған.

Ал Хабардың Масақовтан бөлек, тағы бірнеше ойыншысы командаға көмектесе алмады. Мысалы, қақпашы Айбек Қабылша іс-сапарға кеткен. Мұхтар Ыбырайым да жоқ. Ернұр Жәмел отбасын құрып, келе алмады. Сол секілді Ержан Жүніс маусымаралық үзілісте Qsport.kz жейдесін киді. Осы ретте Зухраб Отаровтан өзге +33 санатындағы ойыншы болмады. Амалсыздан Зухраб 40 минут армансыз ойнап шықты.

Матчта есепті бірінші тайм аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Хабардың капитаны Шыңғы Ерғалиев ашты. Ол бұрыштама добынан кейін көзге түсті. Бірақ таразы басы жылдам теңесті. Qazsport-тың кезекті шабуылы кезінде Дәурен Жолдасовқа қарсы Нұрсұлтан Құрман тәртіп бұзды. Әрине, оған Хабар ойыншысы келіскен жоқ. Алайда төреші айып соққысын белгіледі. Оны Әлішер Келгенбай сәтті орындады.

Дегенмен Хабар қарап қалмады. Қосалқы құрамнан алаңға кірген Қаһарман Шаһарбекұлы қарсыластың қорғаушысы Едіге Ержанның қателігін тиімді пайдаланды. Ол допты қорғаушыдан жұлып алып, одан соң қақпашыны әдемі алдап өтіп бос қақпаға тоғыта салды.

Осы есеп біразға дейін сақталып тұрған. Дегенмен физикалық тұрғыдан шаршаған Хабар ойыншылары екінші тайм аяқталар тұтса қарсыластың есепті теңестіруіне мүмкіндік беріп қойды. Екінші голы да Әлішер Келгенбай кіргізді. Қорытынды есеп – 2:2.

Көшбасшылардың тең ойнауы Қазмедиаға тиімді болды. Олар сенбі күні Nat Geo Qazaqstan командасын ойсырата жеңді. Бұл матч 9:2 есебімен аяқталды. Құмарбек Азат пен Асқар Мұхтаров хет-трик жаса, Нұрбол Тұрсынбаев дубльдің авторы атанды. Бір гол Қанат Такировке тиесілі. Ал бұл күні Nat Geo Qazaqstan командасының екі голын да Махамбет Ануарбекұлы соқты.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here