Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
Естеріңізге сала кетейік, Журналистер лигасының 3-туры аясында өткен «Хабар» және «Qazaqstan-Qazsport» матчында «Хабардың» екі ойыншысы Асқар Хамиден мен Нұрсұлтан Құрман қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған. Тәртіптік-бақылау комитеті төрешіге бейәдеп сөздер айтқаны үшін Асқар Хамиденді 4+3 ойынға (нақты және сынақ түрінде), Нұрсұлтан Құрманды 7 ойынға аластатқан болатын.
«Хабар» командасының арызын қарастырған Апелляциялық комитет Команданың қазіргі жағдайын, екі ойыншының кінәсін түсініп, кешірім сұрағанын және Тәртіптік-бақылау комитеті бекіткен айыппұлды өтегендері үшін екі ойыншының да қалған дисквалификацияларының мерзімін сынақ түріне ауыстырды.
Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.