Қақпашы – Бекхан Салықов (Еуразия+Орт)
Бекхан Салықов біраз маусым Kazaknews.kz қақпасын күзеткен. Биыл өзі қызмет атқаратын арнаға ауысты. Жаңа маусымда Еуразия+Орт командасының маңызды ойындарда ұпай жинауына өз үлесін қосты. Сондықтан В лигасының алғашқы айналымының таңдаулы құрамына қостық.
Қорғаушылар – Еламан Әмірғазы (Qsport.kz), Елтай Нұрғазин (7 арна)
Қорғаныс шебін Еламан Әмірғазы мен Елтай Нұрғазин жұбын қойдық. Екеуінің де командасы биыл чемпиондықтан үмітті. Еламан қорғаныс пен шабуылға қатар үлгеріп жүретін ойыншы. Командасының 5 ойында 11 ұпай жинауына Еламанның еңбегі зор.
Ал Елтай А лигасының деңгейіндегі ойыншы. Сондықтан В лигасында үзіктер қатарында жүруі қалыпты жағдай деп ойлаймыз.
Шабуылшылар – Мұрагер Мұратов (Metaratings.kz), Наурызбек Лесов (Kazaknews.kz)
Комментатор Мұрагер Мұратов – жаңа маусымның ашылуы болары сөзсіз. Журналистер лигасына биыл қосылған ойыншы бірден Metaratings.kz командасының көшбасшыларының қатарына қосылып үлгерді. Жылдам, физикалық мығым ойыншы.
Ал Наурызбек Лесовтің форвардқа тән қасиеті бар. Осының алдында ешкім күтпеген жерден Бердіқұлов турнирінің үздік сұрмергені атанып, 100 мың теңгені қалтаға басты. Бәлкім, Роза Рымбаева айтқандай, «Вовремя оказаться в нужном месте, в нужный час. Ему просто повезло» деуіңіз мүмкін. Бірақ Наурызбек қажет жерден табыла біледі. Өйткені ол голды сезе біледі.
Резерв:
Қақпашы – Бақытнұр Әлібай (7 арна);
Қорғаушылар – Еркін Шәкір (Kazaknews.kz), Ернұр Халело (Metaratings.kz);
Шабуылшылар – Елдос Манашев (Qsport.kz), Ерден Құспанов (Еуразия+Орт).