Қақпашы – Қуат Шайсұлтанов (Qazaqstan-Qazsport)
Qazaqstan-Qazsport командасының қақпашысы Қуат Шайсұлтанов өте сенімді ойын көрсетіп жүр. Бірінші айналымдағы бес ойынның төртеуінде қақпасына гол жіберген жоқ. Тек Хабардан 2 гол өткізіп алды. Бұл команда сапында БАҚ лиганың үздік қақпашыларының бірі – Қанат Базылхан да бар. Әзірге Қуат өз орнын ешкімге берер емес.
Қорғаушылар – Еркін Бектенов (Қазмедиа), Бақытжан Масақов (Хабар)
Биылғы маусымда Астана командасының бұрынғы қорғаушысы Еркін Бектенов Қазмедиаға ауысты. Еркін осы уақыт аралығында жаңа командасының негізгі қорғаушысына айналып үлгерді. Залдағы паркетке қарағанда, даладағы жасыл алаңда жақсы ойнайтын тасқамал қорғаушы бірінші айналымның үздіктерінің қатарында.
Бектеновпен бірге қорғаныс шебіне Бақытжан Масақовты қойдық. Хабардың көшбасшы ойыншыларының бірі. Өздеріңізге белгілі БАҚ лиганың 7 дүркін чемпиондарында биылғы маусымда біраз өзгеріс болды. Бұрынғы лидерлер осы күні жоқ. Сондықтан Масақовқа ойынды жүргізуді өз қолына алуға тура келді. Оның үстіне, Нұрсұлтан Құрман бірнеше ойынға шеттетілген соң, жағдай қиындап кетті. Сондықтан қорғаныстағы бар жауапкершілік Бақытжанның мойнында.
Шабуылшылар – Әлішер Келгенбай (Qazaqstan-Qazsport), Шыңғыс Ерғалиев (Хабар)
Әлішер Келгенбай осы маусымда спорттық арнаның жейдесін киген. Алғашқы бес турда ол 12 гол соқты. Қазіргі кезде лиганың бас сұрмергені. Сондықтан шабуыл шебінде таңдаулы құрамға енуіне ешкімнің таласы бола қоймас.
Онымен шабуыл шебіне жұп құрауға лайықты деп Хабардың капитаны Шыңғыс Ерғалиевті таңдадық. Биылғы маусымда командасын капитан ретінде бастап жүрген Шыңғыс әсіресе Qazaqstan-Qazsport-пен кезесуде ерекше көзге түсті. Алдымен, әріптесі Асқар Хамиденге нәтижелі пас берсе, одан кейін өзі мергендік танытты.
Резерв
Қақпашы – Әнуар Құрманбаев (Nat Geo)
Қорғаушылар – Дарын Шеңгелбай (Aiqyn-Литер, Едіге Ержан (Qazaqstan-Qazsport)
Шабуылшылар – Қолғанат Салин (Хабар), Жандос Манашев (Qazaqstan-Qazsport).