Тәртіптік-бақылау комитеті: Алты команда ұпайынан айрылып, бес ойыншы ұзақ мерзімге аластатылды

0
619
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

№8

Metaratings – 7 арна

А) Журналистер біріншілігінің 5-турында қарсыласына агрессиялық әрекет көрсетіп, қарсыластарын қасақана ұрғаны үшін Тәртіптік регламенттің 31.1, 32.1, 36.1 және 44 баптарына сәйкес, «7 арна» командасының ойыншысы Санжар Кеңес (№8) БАҚ лига ІХ маусымының соңына дейін аластатылды. Сондай-ақ, Ойыншыға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды салынды.

Айыппұл шешім шыққан күннен бастап 10 күн (31 шілдеге дейін) аралығында төленуі тиіс.

В) Журналистер біріншілігінің 5-турында қарсыластарына агрессиялық және провакациялық әрекет көрсетіп, бейәдеп сөздер бағыттағаны үшін Тәртіптік регламенттің 36.2 және 44 баптарына сәйкес, «Metaratings» командасының ойыншысы Ербол Каиров (№7) БАҚ лига ІХ маусымының Командасы ойнайтын алдағы 10 матчынан аластатылды. Дисквалификацияның 5 матчын нақты, 5 матчын шартты түрде өтейді. Сондай-ақ, Ойыншыға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды салынды.

Айыппұл шешім шыққан күннен бастап 10 күн (31 шілдеге дейін) аралығында төленуі тиіс.

С) Журналистер біріншілігінің 5-турында қарсыласына бейәдеп сөздер бағыттағаны үшін Тәртіптік регламенттің 36.2 бабына сәйкес, «7 арна» командасының бапкері Назар Найзабекұлы БАҚ лига ІХ маусымының Командасы ойнайтын алдағы 3 матчынан аластатылады. 3 матчтық дисквалификацияның 1-еуін нақты, 2-еуін шартты түрде өтейді. Сондай-ақ, Бапкерге 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды салынды.

Айыппұл шешім шыққан күннен бастап 10 күн (31 шілдеге дейін) аралығында төленуі тиіс.

№9

Еуразия+ОРТ – Qsport.kz

Журналистер біріншілігінің 6-турында соңғы үміттің фолын жасап, қарсыласын гол соғатын мүмкіндіктен айырғаны үшін «Qsport.kz» командасының ойыншысы Мансұр Сыздықов Командасының Журналистер біріншілігіндегі алдағы 1 ойынынан шеттетілді.

№10

National Geographic Qazaqstan – Qazaqstan-Qazsport

А) Журналистер біріншілігінің 6-турында соңғы үміттің фолын жасап, қарсыласын гол соғатын мүмкіндіктен айырғаны үшін «National Geographic Qazaqstan» командасының ойыншысы Серік Оңталап (№3) Командасының Журналистер біріншілігіндегі алдағы 1 ойынынан шеттетілді.

В) Журналистер біріншілігінің 6-турында екі сары қағаз алып, алаңнан қуылғаны үшін «Qazaqstan-Qazsport» командасының ойыншысы Ратмир Әубәкір (№11) Командасының Журналистер біріншілігіндегі алдағы 1 ойынынан шеттетілді.

С) Журналистер біріншілігінің 6-турында қарсыласына агрессиялық, физикалық және провакациялық әрекет көрсеткені үшін Тәртіптік регламенттің 31.В, 32.1 және 44 баптарына сәйкес, «Qazaqstan-Qazsport» командасының ойыншысы Жандос Манашев (№8) БАҚ лига ІХ маусымының Командасы ойнайтын алдағы 10 матчынан аластатылды. Дисквалификацияның 5 матчын нақты, 5 матчын шартты түрде өтейді. Сондай-ақ, Ойыншыға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды салынды.

Айыппұл шешім шыққан күннен бастап 10 күн (26 шілдеге дейін) аралығында төленуі тиіс.

D) Журналистер біріншілігінің 6-турында қарсыласына агрессиялық және физикалық әрекет көрсетіп, бейәдеп сөздер айтқаны үшін Тәртіптік регламенттің 31.В, 32.1 және 36.1 баптарына сәйкес, «National Geographic Qazaqstan» командасының ойыншысы Арай Ізбай (№8) БАҚ лига ІХ маусымының Командасы ойнайтын алдағы 10 матчынан аластатылды. Дисквалификацияның 5 матчын нақты, 5 матчын шартты түрде өтейді. Сондай-ақ, Ойыншыға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды салынды.

Айыппұл шешім шыққан күннен бастап 10 күн (26 шілдеге дейін) аралығында төленуі тиіс.

Е) Журналистер біріншілігінің 6-турында қарсыласына агрессиялық, физикалық және провакациялық әрекет көрсетіп, бейәдеп сөздер айтқаны үшін Тәртіптік регламенттің 31.В, 32.1, 36.1 және 44 баптарына сәйкес, «Qazaqstan-Qazsport» командасының ойыншысы Қуан Шайсұлтанов (№2) БАҚ лига ІХ маусымының соңына дейін аластатылды. Сондай-ақ, Ойыншыға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды салынды.

Айыппұл шешім шыққан күннен бастап 10 күн (26 шілдеге дейін) аралығында төленуі тиіс.

№11

БАҚ лига Регламентіне сәйкес, ІХ маусымның жарнасын төлемегені үшін «А» лигасындағы «National Geographic Qazaqstan», «Хабар 24», «В» лигасындағы «Qsport.kz», «Kazaknews.kz» командаларының турнир кестесіндегі 3 ұпайы шегерілді. Аталмыш Командаларға маусым жарнасын 10 күн ішінде (31 шілдеге дейін) төлеу туралы ескертіледі. Егер сол датаға дейін төлеген жағдайда ұпайлары қайтарылады, төленбеген жағдайда қайтарылмайды.

№12

А) Тәртіптік-бақылау комитетінің №3 шешіміне байланысты айыппұлды бекітілген мерзімге дейін төлемегені үшін «АйҚап» (Мирас Жақыпов) командасының турнир кестесіндегі 3 ұпайы шегерілді. Командаға айыппұлды 10 күн ішінде (31 шілдеге дейін) төлеу туралы ескертіледі. Егер сол датаға дейін төлеген жағдайда ұпайлары қайтарылады, төленбеген жағдайда қайтарылмайды.

В) Тәртіптік-бақылау комитетінің №4 «А» және «В» шешімдеріне байланысты айыппұлды бекітілген мерзімге дейін төлемегені үшін «Хабар» (Асқар Хамиден, Нұрсұлтан Құрман) командасының турнир кестесіндегі 3 ұпайы шегерілді. Командаға айыппұлды 10 күн ішінде (31 шілдеге дейін) төлеу туралы ескертіледі. Егер сол датаға дейін төлеген жағдайда ұпайлары қайтарылады, төленбеген жағдайда қайтарылмайды.

№13

БАҚ лига Регламентіне сәйкес, VIII маусымның жарнасын толық төлемегені үшін «Qsport.kz» командасына трансферлік кезеңде қосқан ойыншыларының Команданың өткен маусымдағы жарнасы төленгенше алаңға шығуларына тиым салынады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here