Айыппұлдар қайырымдылыққа жұмсалады

0
118
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бақ лига енді әлеуметтік бағытқа да көңіл бөле бастады.  Енді лигадағы айыппұлдардан түскен қаржы мұқтаж журналистерге беріледі. ІХ маусымның айыппұлдары белгілі журналист, атбегілік жайлы “Арғымақ” кітабын жазған Бағдат Қаббасовтың есепшотына аударылады.

Созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан Бағдат Мұхтарұлының Беларусь мемлекетінде жасалатын трансплантациясына 30 000 000 теңге қаржы керек. Ол үш жылдан бері жанына батқан дерт туралы жан баласына айтпаған. Бар ойы жақындарын алаңдатпау еді. Бірақ, уақыт өткен сайын меңдеп бара жатқан ауруды ағайынға айтпасқа болмады. Себебі, бұл диагнозды емдеу үшін қомақты қаражат керек.  Жастайынан жарқылдап ел алдында жүрген азамат ел үшін талай жұмыс атқарды. Алайда, артығымен жинаған қаржысы болмағандықтан, бұл ауру отбасына да ауыр тиді. Бұғанасы қатпаған баласы, отағасының отасына алаңдаған жары игі жақсыдан қолдау күтеді. «Көп түкірсе – көл» деген. Барша қазақ жұрты жұмылып, Бағдат Мұхтарұлының дертінен құлан таза жазылуына себепкер болайық!

Бағдат жайлы @bagdatty_koldau парақшасынан таныса аласыздар.

БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті алғашқы айыппұлдарды аударып үлгерді. Алдағы уақытта мұндай әлеуметтік қолдау шаралары жалғасады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here