Футболдың басты қағидасы – Respect

0
537
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер арасындағы BAQ liga-ның негізгі ұстанымы да әріптестер арасындағы байланысты нығайту, бір-біріне деген құрметті күшейту.

Мұндай қағида УЕФА-нің жарғысында да жазылған. Мысалы, 2012 жылғы Еуропа чемпионатындағы Respect (құрмет) жобасының төрт міндеті болды: ол нәсілшілдікпен күрес (расизмге жол жоқ), мүмкіндігі шектеулі жанкүйерлерге қол жетімділікті кеңейту және жақсарту, физикалық белсенділік арқылы денсаулықты нығайту және жанкүйерлер арасындағы мәдениаралық диалогты жақсарту.

Мұны неге айтып отырмыз, БАҚ өкілдері арасындағы БАҚ лиганың биылғы тоғызыншы маусымында жаға-жыртысу, төрешіге ұмтыла жүгіру көбейіп кетті. “Үлкенге құрмет, кішіге ізет” деген адамгершіліктің озық үлгісі азайып бара жатқаны қынжылтады.

Бұл күндері бір матчта 3-4 қызыл қағаз алу әдетке айналып барады. Тіпті, қалыпты жағдай секілді. Әрине, төрешілердің ара-тұра қателесуі мүмкін. Бірақ футболдың әу бастағы мақсатынан айнымайық. Бір-бірімізге деген құрметті күшейтейік.

Жылдан-жылға «кірмелермен күресте» күшейіп келеді. Командалардың саны азайса да, басқа Лигада ойнайтындарға тиым салынды. Мұның бәрі алаңда таза БАҚ өкілдерінің ойнауына ықпал ету еді. Сонымен қатар міндетті түрде аға буынның бір өкілі болуына мүмкіндік жасап, +33 деген лимитін енгізілді. Ендеше, УЕФА-ның #Respect қағидатын ұмытпайық. Әрдайым бір-бірімізге құрметіміз жоғары болсын. Футболда #Respect бірінші орында тұруы тиіс.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here