В лигасында бес команда чемпиондықтан үмітті

0
311
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Шыны керек, В лигасында фаворит жоқ. Бәрі бір-бірін ұта алады. Алтыншы турда алдымен Meta-Ratings.kz пен 7 арна кездесті. Бір күн бұрын бұл матчта үш ойыншы алаңнан қуылған. Әсіресе, 7 арна Елдос Өмірхан мен Санжар Кеңесовтің көмегіне жүгіне алмады. Соған қарамастан сенбі күнгі ойынға қарағанда тәуір ойнады.

Meta-Ratings.kz қақпасына кірген екі голға да өздері кінәлі. Алдымен әнші Мейрамбек Беспаевтің інісі Мейірбек Беспаев қорғаушылардың қателігін тиімді пайдаланып есепті ашқан. Одан кейін Мәди Әбуғалидің алыстан тепкен добы кіріп кетті. Мұнда қақпашы Әділ Табулдин «ұйықтап қалды».

Бірақ спорттық портал жігітері соңына дейін беріспей ойын көрсетті. Алдымен Руслан Тәуірше есеп айырмасын бір допқа қысқартса, матч соңында Мұрагер Мұратов пенальтиден таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 2:2.

7 арнамен екі матчта 4 ұпай жинағанына қарамастан Meta-Ratings.kz турнир кестесінде бесінші орында орналасқан. Бір күн бұрын ғана үшінші орында тұрған.

Ал Qsport.kz күтпеген жерден Еуразия+Орт командасынан жеңіліп қалы. Бірінші матч 1:0 есебімен Qsport-тың пайдасына шешілген. Бұл жолы оның кездейсоқ екенін Еуразия дәлелдеуге тырысқандай. Бұл жолы олар 4:3 есебімен жеңіске жетті. Негізі басында 4:1 есебімен алда тұрған. Ойын соңында аздап босап қалды. Соның арқасында Еламан Әмірғазы екі гол кіргізіп жіберді.

Kazaknews.kz енді есін жиып келеді. Сенбі-жексенбі күні Aiqap командасын екі ойында да ұтып, 6 ұпай жинады. Бұл жолы тіпті 8 жауапсыз гол соқты.

Осылайша, турнир кестесінде жағдай шиеленісіп тұр. 11 ұпайдан жинаған 7 арна мен Qsport.kz көшбасында болса, Еуразия+Орт 10 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Ал Kazaknews.kz пен Meta-Ratings.kz төртінші-бесінші орынды өзара бөліскен. Екеуінде де 9 ұпайдан бар.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here