В лигасы: Бірінші айналымда Qsport.kz көш бастады

0
418
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Олар осы жолы Metaratings.kz командасымен кездескен. Матч эмоцияға толы болды. Төреші 3 ойыншыға және бір бапкерге қызыл қағаз көрсетті.

Кездесу басында Metaratings.kz жетекшісі Ербол Қайыров қарсылас команданың ойыншысы Құдайберген Маханбетәліге қарсы дөрекі ойнап, сары қағаз алған. Осы сәттен бастап, екі команданың кейібір өкілдері эмоцияға беріліп кетті. Әсіресе, 7 арнаның жаттықтырушысы Назар Найзабекұлы мен Ербол арасында шиеленістен соң, төреші екеуінде алаңнан қуды.

Ал матчтағы есепті Metaratings.kz қорғаушысы Ержан Иманадин ашқан. Бірінші тайм осылай бітті. Екінші кезеңде Айдын Қожахметтің айып соққысынан іліп берген добын 7 арна шабуылшысы Елдос Өмірхан өз қақпасына соғып алды.

Дегенмен телеарна жігіттері де қарап қалмай, есеп айырмасын қысқартқан. Спорттық порталдың қорғаушысы 27-минутта өз айып алаңында қолмен ойнап, төреші пенальти белгіледі. Нүктеге келген Санжар Кеңесов мүлт кетпеді.

Айтпақшы, ойынның соңғы 10-минутында 7 арна өкілдері өздерінің қателіктерінен опық жеді. Мысалы, гол соққан Кеңесов регламентке сай ауыспай, екінші сары қағазға ие болды. Сөйтіп, алаңнан қуылды. Елдос Өмірхан да екінші рет ескертумен, командасын қиын жағдайға қалдырды. Мұндай қателікті Metaratings.kz тиімді пайдаланып, үшінші голды соқты. Мергендігімен көзге Руслан Тәуірше болды.

7 арнаның ұпай жоғалтуы басты қарсыласы Qsport.kz командасына өз пайдасын тигізді. Олар Еуразия+Орт командасын 1:0 есебімен көш басына көтерілді. Негізі матч оңай болған жоқ. Кездесуде Ерсұлтан Берікболовтың соққан жалғыз голы командаға жеңіс әкелді.

В лигасының үшінші ойынында Kazaknews,kz пен Aiqap.kz кездесті. Екеуіне де ұпай керек. Алайда шеберлігі жоғары, тәжірибесі мол портал жігіттері басым түсті. Матч тартысты болғанымен, Еркін Шәкір бастаған команда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, үш ұпайға ие болды.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here